2010 ж. 29 нау.
Күнделікті нұр
Бір күні кешке қарай ол далаға шығып, ойға батып отырғанда, айналасына көз тастап, келе жатқан керуенді байқады.
Жаратылыстың баст. 24:63
Лайым менің аузымдағы сөздерім Әрі жан дүниемдегі ой-ниеттерім Ұнамды болсын Саған, о, Жаратқаным. Өзіңсің жартастай мықты Қорғаным Һәм Құтқарушым, уа, Жаратқан Ием.
Забур жырлары 18:15
Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа, Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға Назар аударған әрбір уақытымда Мынадай сұрақтар туады ойымда: Өзің ескеретіндей адам сонша кім, Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?
Забур жырлары 8:4–5
Қандай ұлы — Жаратқанның істері, Оларды ұнатқандар терең зерттейді.
Забур жырлары 110:2
Мынадай адам шынымен бақытты: Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды, Күнәкарлар жолымен де жүрмейді, Мазақтаушылармен бірге отырмайды. Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады, Күні-түні сол туралы ойланады.
Забур жырлары 1:1–2
Осы Таурат заңы кітабында жазылғандардың бәрін сақтап, орындай алуың үшін оларды аузыңнан тастамай.
Ешуа 1:8
Өйткені жіліктің майлы басынан Гөрі Өзіңнен мол ләззат табамын, Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын. Төсекке жатып Сені еске аламын, Түні бойы Сен жайлы ойланамын.
Забур жырлары 62:6–7
Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың? Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың?
Забур жырлары 12:2
Көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.
Жақыптың хаты 1:17
Ал Сионның халқы былай деген еді: — Құдайым мені ұмытып, тастап кетті! — (Жасаған Иенің жауабы мынау:) — Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим!
Ишая 49:14–15
Мен ешқашан да сені есімнен шығармаймын! Әділетсіз істеріңді тұмандай сейілттім, Күнәларыңды жел айдаған бұлттай жоқ еттім, Енді теріс жолыңнан қайтып, бет бұр Өзіме!
Ишая 44:21–22
Иса Мартаны, оның сіңлісі мен Елазарды жақсы көруші еді. Бірақ Ол Елазардың науқастанып жатқанын естісе де, сол кезде болған жерінде тағы да екі күнге қалып қойды.
Жохан 11:5–6
Тақсыр, Дәуіттің Ұрпағы, рақым етіңіз! Қызымды жын соғып ... Бірақ Иса оған бір сөз де айтпады.
Матай 15:22–23
Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді.
Петірдің 1-хаты 1:7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 29 нау.
2010 ж. 28 нау.
2010 ж. 27 нау.
2010 ж. 26 нау.
2010 ж. 25 нау.
2010 ж. 24 нау.
2010 ж. 23 нау.
Қамқорлық
Құдайдың Саулдың тынымсыз қуғыны арқылы Дәуітті қалай сақтағанын, сынақтарды оның мінезін қалыптастыру үшін…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…
Таудағы уағыз
Жақыптың хаты мұнда баяндалған ілімге өте жақын келеді. Табиғи адам үшін бұл уағыз өмір жолы емес, керісінше…
Құтқарылу
Мәсіхтің аяқталған ісі – Grace & Truth журналының апталық ерекшелігі. 2010 жылдың сәуірінде Grace & Truth…
Айқышқа керілу
Киелі жазбада жеті саны толықтықтың немесе кемелділіктің саны, сонымен қатар сан. Әкесі Құтқарушыға бір жұмыс…
Шіркеу
Киелі кітаптың нағыз Шіркеу туралы не үйрететінін біліңіз. Бұл ғимарат емес, Мәсіхтің денесі, қалыңдығы және…