2010 ж. 23 нау.
Күнделікті нұр
Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады.
Жаратылыстың баст. 15:6
Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды. Осылай ол Тәңірдің өз уәдесін орындай алатынына қалтқысыз сеніп, Оған құрмет көрсетті. Сондықтан да «Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады» деп жазылған. «Жаратқан Ие оны ақтады» деген сөз Ыбырайымға ғана емес, бізге де қатысты: біз Иеміз Исаны қайта тірілткен Құдайға деген сеніміміз арқылы ақталамыз.
Римдіктерге хат 4:20–24
Құдай Ыбырайым мен оның ұрпақтарына жер бетін иемденулері жайында уәде берді. Бұл уәде Ыбырайымға заңды ұстанғаны үшін емес, (Жаратқан Ие сөзінде тұрады деген) сенімі арқылы ақталғаны үшін берілді.
Римдіктерге хат 4:13
Сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмір сүреді.
Римдіктерге хат 1:17
Мойындаған үмітімізді үзбей, берік ұстанайық, себебі уәде берген Құдай сөзіне адал.
Еврейлерге хат 10:23
Ал сиынған Құдайымыз заңғар көкте, Ол барлық қалауын асырады іске.
Забур жырлары 113:11
Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас! ... Жаратқан Иеге сенген сен бақыттысың, Оның саған айтқаны жүзеге аспақ!
Лұқа 1:37, 45
Соған көздеріңді жеткіздік, тіпті өздеріңе жалындық та. Өйткені Құдай сендерді өз Патшалығы мен салтанатты ұлылығына шақырады.
Салониқал. 1-хат 2:12
Менің Патшалығым осы дүниелік емес. Егер де Патшалығым осы дүниелік болса, онда Менің қасымда сақшыларым жүріп, олар Мені яһуди басшыларының қолына түсірмеу үшін күрескен болар еді. Бірақ Менің Патшалығым осы дүниелік емес, — деп жауап берді.
Жохан 18:36
Енді Ол барлық жауларының Өзінің табанының астына салынып берілуін күтіп отыр.
Еврейлерге хат 10:13
Әлемді басқару билігі Жаратқан Иеміздікі және Оның тағайындаған Патшасы Мәсіхтікі! Ол мәңгілік билік жүргізетін болады! — деген қатты дауыстар шықты.
Аян 11:15
Әрі Құдайымызға арнап соларды Жасадың діни қызметкерлер патшалығы; Олар жер бетін билейтін болады.
Аян 5:10
Енді мен бірнеше тақтарды көрдім. Олардың үстінде отырғандарға адамзатты соттап ... Олар қайта тіріліп, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрды.
Аян 20:4
Ал әділдер көктегі Әкелерінің Патшалығында күн сәулесіндей жарқырайтын болады.
Матай 13:43
Шағын қауым, қорықпа! Көктегі Әкең Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық еткен.
Лұқа 12:32
Сондықтан Әкемнің Мені Патша болуға тағайындағаны сияқты, Мен де сендерді билік жүргізуге тағайындаймын: Менің Патшалығымда дастарқанымнан ішіп-жеп, тақтарыңа отырып, Исраилдің он екі руына билік жүргізетін боласыңдар.
Лұқа 22:29–30
Патшалығың осында орнасын!
Матай 6:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 23 нау.
2010 ж. 22 нау.
2010 ж. 21 нау.
2010 ж. 20 нау.
2010 ж. 19 нау.
2010 ж. 18 нау.
2010 ж. 17 нау.

Құдай Патшалығы
Құдай патшалығының әртүрлі аспектілерін, соның ішінде Құдай патшалығын, көк патшалығын және мәңгілік…
Дұға
Дұғаларды Исаның атымен аяқтау керек пе? Мәсіх арқылы Құдайға жақындағанда жүрек қарым-қатынасының нақты…
Иса Мәсіх
Ескі Өсиетте «жұлдыз» сөзі билеушіні білдіру үшін ауыспалы мағынада қолданылады. Жаңа Өсиетте «Таң жұлдызы»…

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…
Құтқарылу
Мәсіхтің аяқталған ісі – Grace & Truth журналының апталық ерекшелігі. 2010 жылдың сәуірінде Grace & Truth…

Рухани өсу
Асафтың түсініксіздігі Құдайдың киелі орнында қалай тыныштыққа айналғанын зерттеңіз және Жаңа Өсиетте…