2010 ж. 12 сәу.
Күнделікті нұр
Жаратқанды құрметтеп сыйға бер мал-мүлкіңнен, Алған бар өніміңнің алғашқы түсімінен.
Нақыл сөздер 3:9
Сараң сепкен сараң жинар, жомарт сепкен жомарт жинар делінген ғой.
Қорынттықт. 2-хат 9:6
Жексенбі сайын әрқайсыларың жағдайларыңа қарай қолдағы қаражаттарыңнан бөлектеп, сақтап қойыңдар.
Қорынттықт. 1-хат 16:2
Құдай әділетсіз емес қой: Ол жасаған игі істеріңді, өз адамдарына берген, әлі де беріп жатқан көмектерің арқылы Өзіне де көрсеткен сүйіспеншіліктеріңді ешқашан есінен шығармайды.
Еврейлерге хат 6:10
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады.
Римдіктерге хат 12:1
Мәсіхтің сүйіспеншілігі бізді алға басуға мәжбүр етеді. Себебі мынадай қорытындыға келдік: бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді. Мәсіхтің бәрі үшін өлгендігінің мақсаты мынау: жаңа өмірге ие болғандар енді тек өздері үшін ғана тіршілік етпесін, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрсін! Ол солардың игілігіне бола жанын құрбан етіп, өлімнен қайта тірілді ғой.
Қорынттықт. 2-хат 5:14–15
Басты қағида мынау: не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!
Қорынттықт. 1-хат 10:31
Ешқашан түн де болмайды.
Аян 21:25
Жаратқан Ие, сенің Құдайың, Өзім мәңгілік нұрың мен салтанатың боламын!
Ишая 60:19
Қалаға жарық түсіру үшін күн мен айдың да қажеті жоқ: Құдайдың нұрлы салтанаты оны жарқыратады, әрі Тоқты да — оның шам-шырағы іспетті.
Аян 21:23
Оларға шам-шырақ пен күн сәулесінің қажеті жоқ, себебі Құдай Иенің нұры түсіп тұрады.
Аян 22:5
Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!
Петірдің 1-хаты 2:9
Құдай Әкеге шүкірлік ете берсін деп мінажат етудеміз. Өйткені Ол бәрімізді Өзінің халқы иемденетін нұрлы Патшалығынан үлес алуға шақырып, лайықтады. Құдай бізді қара түнектің билігінен құтқарып, сүйікті рухани Ұлы Иса Мәсіхтің Патшалығына енгізді.
Қолостықт. хат 1:12–13
Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен байланысып, «нұрсыңдар»: ендеше «нұрдың адамдары» болып әрекет етіңдер!
Ефестікт. хат 5:8
Біз түндікі және түнектікі болмағандықтан.
Салониқал. 1-хат 5:5
Әділдің жолы таң шапағы іспетті Тал түс болғанша жарқырай түседі.
Нақыл сөздер 4:18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 12 сәу.
2010 ж. 11 сәу.
2010 ж. 10 сәу.
2010 ж. 9 сәу.
2010 ж. 8 сәу.
2010 ж. 7 сәу.
2010 ж. 6 сәу.
Киелі адамдар
Екеуінің арасында ерекше айырмашылық бар ма? Ескі және Жаңа Өсиет әулиелерінің ортақ және ерекше аспектілерін…
Киелі кітап билігі
Киелі кітаптың неліктен Құдай Сөзімін деп мәлімдейтінін және оның басқа кітаптардан қалай ерекшеленетінін…
Иса Мәсіх
Рождество кезінде біз Исаның осы мезгілдің себебі екенін жиі естиміз. Мен Иеміздің себеп болғысы келетініне…
Махаббат
Жаңа өсиеттегі грек сөзі «мегас» қазіргі ағылшын тілінде мегабакс, мегабакс сияқты сөздерде қолданылады, бұл…
Рухани өсу
Нехемияның Иерусалимдегі еврей тұтқындарының қалдықтарына нақты хабарлары болды. Ол оларды Құдайдың даңқы мен…
Шіркеу
Киелі кітаптың нағыз Шіркеу туралы не үйрететінін біліңіз. Бұл ғимарат емес, Мәсіхтің денесі, қалыңдығы және…