2010 ж. 5 сәу.
Күнделікті нұр
Иса мәңгі өмір сүріп, олар үшін өтініш жасайды.
Еврейлерге хат 7:25
Ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді ... Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда.
Римдіктерге хат 8:34
Себебі Мәсіх адам қолымен жасалған ғибадат орнына кірмеді. Сол ғибадат орны шынайы киелі үйдің көшірмесі ғана болатын. Қайта, Мәсіх көктің өзіне енді. Ол қазір сонда Құдайдың алдында тұрып, бізді қолдап сөйлейді.
Еврейлерге хат 9:24
Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.
Жоханның 1-хаты 2:1
Біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх.
Тімотеге 1-хат 2:5
Сонымен сенімімізді берік ұстанып, оны тапжылмастан мойындайық. Көкке көтеріліп кеткен зор мәртебелі Бас діни қызметкеріміз — Құдайдың рухани Ұлы Иса бар. Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ. Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз.
Еврейлерге хат 4:14–16
Екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды.
Ефестікт. хат 2:18
Сені шын білетіндер Саған сенім артады.
Забур жырлары 9:11
Патша: «Әділдігіміздің қайнары — Жаратқан Ие» деп аталмақ.
Еремия 23:6
Жаратушы Тәңір Ием, құдіретіңді ойлаймын, Тек Сенің әділдігіңді жұртқа жариялаймын.
Забур жырлары 70:16
Ол керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке.
Ишая 9:6
Уа, Жаратқан Ие, адамның өмір жолы өз еркінде еместігін білемін. Адамның өз жүретін жолын өздігінен бағыттауына болмайды.
Еремия 10:23
Тыныштықты сыйлайтын Әмірші.
Ишая 9:6
Себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Деп те аталатын болады.
Ишая 9:6
Мәсіх — татулығымыздың Бастауы.
Ефестікт. хат 2:14
Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз.
Римдіктерге хат 5:1
Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара, Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана.
Нақыл сөздер 18:10
Мысырға ылдилап барып, көмек сұрағандар қасіретке қалады!
Ишая 31:1
Ұясының үстінен қалықтап ұшып жүретін құс іспетті, Әлемнің Иесі де Иерусалимді қорғайды. Иә, Ол қаланы қорғап, құтқарады, оны ешкімге күйретпей үстінен «өте шығып», аман алып қалады.
Ишая 31:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 5 сәу.
2010 ж. 4 сәу.
2010 ж. 3 сәу.
2010 ж. 2 сәу.
2010 ж. 1 сәу.
2010 ж. 31 нау.
2010 ж. 30 нау.

Бейбітшілік
Киелі кітапта сипатталған бейбітшіліктің жеті түрлі аспектісін зерттеңіз, Құдаймен соттық бейбітшіліктен…
Құдай
Киелі кітап Құдайды мәңгілік Жаратушы және Оның үшбірлікті табиғаты ретінде қалай ашатынын зерттеңіз…
Сенім
Шынайы христиандықтың неліктен Иса Мәсіхпен жеке қарым-қатынас ретінде сипатталатынын, жай ғана дін емес…
Мейірім
Пауылдың Тит 2-де сипаттаған Құдайдың рақымының мағынасын зерттеңіз, оның өтеуші, алмастырушы, ақтаушы және…
Сенім
Біз көбінесе өз ресурстарымызды тауысқаннан кейін ғана Құдайға сенеміз. Мәсіхке толықтай тәуелді болудың…
Емдеу
Құдай біздің барлық ауруларымызды емдеуге уәде бере ме? Бұл мақала емдеу туралы киелі кітаптағы ілімді…