Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

Күнделікті нұр, 2 мамыр: Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын?

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Жақып оянып: «Шынында Жаратқан Ие осы жерде екен! Ал мен мұны еш білмеппін, — деп.

Жаратылыстың баст. 28:16

Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын.

Матай 18:20

Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин).

Матай 28:20

Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды.

Мысырдан шығу 33:14

Сенің Рухыңнан мен қайда қашпақпын? Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын? Көкке көтерілсем, сол орындасың, Тұңғиыққа түссем де, Сен сондасың.

Забур жырлары 138:7–8

Мені тек жақын жерде тұрып, алыс жерде бола алмайтын Құдай дейсіңдер ме? — деп сұрайды Жаратқан Ие. — Әлде адам құпия жерге тығылып, Менің көзімнен тасалана алады деп ойлайсыңдар ма? Аспан мен жердің барлық жерінде Мен бармын, солай емес пе? — деп ескертеді Иеміз.

Еремия 23:23–24

Тіпті ұлан-ғайыр көктің өзі Сені сыйғыза алмағанда, мен салған мына үй қайдан сыйғызсын?!

Патшалықтар 3-ж. 8:27

Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын.

Ишая 57:15

Себебі біздер мәңгі тірі Құдайдың «киелі үйіміз».

Қорынттықт. 2-хат 6:16

Жалған тәңірлерден аулақ болыңдар!

Жоханның 1-хаты 5:21

Балам, жүрегіңді маған бағышта.

Нақыл сөздер 23:26

Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар!

Қолостықт. хат 3:2

Пендем, мына адамдар өз жүректерінің төріне жалған тәңірлерді орнатқандар. Сөйтіп, олар өздерін адастырып күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алған. Ендеше олардың Менен ақыл сұрауларына жол беруім қажет пе?

Езекиел 14:3

Ал енді, күнәкар дүниеге жататын қылықтарыңды біржола тоқтатыңдар: неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық, нәпсіқұмарлық және арам пиғылдан аулақ жүріңдер; ашкөздікке де салынбаңдар, ол жалған тәңірлерге табынумен бірдей!

Қолостықт. хат 3:5

Ал баюға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құрып кетуге апаратын көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі. Өйткені ақшақұмарлық — әр түрлі жамандықтың түп-тамыры. Кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті. Ал сен, Құдайдың таңдаған адамы, мұндайлардан алшақ жүріп, әрдайым әділ, Құдайға ұнамды өмір сүріп, сенім мен сүйіспеншілікке, төзімділік пен ілтипаттылыққа ұмтыла бер.

Тімотеге 1-хат 6:9–11

Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба, Дәулетің молайса, соған сенім артпа!

Забур жырлары 61:11

Беретін жемісім алтыннан құнды, Ол тіпті саф алтыннан да бағалы, Шығаратын өнімім менің таңдаулы, Күмістен де әлдеқайда жоғары.

Нақыл сөздер 8:19

Байлықтарың қайда болса, жүректерің де сонда.

Матай 6:21

Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады.

Патшалықтар 1-ж. 16:7

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2010 ж. 1 мам.

    Ғалаттықт. хат 5:22 · Римдіктерге хат 8:6

  • 2010 ж. 30 сәу.

    Жоханның 1-хаты 2:5 · Еврейлерге хат 13:20–21

  • 2010 ж. 29 сәу.

    Патшалықтар 1-ж. 12:24 · Заңды қайталау 8:2

  • 2010 ж. 28 сәу.

    Жохан 1:29 · Еврейлерге хат 10:4–7

  • 2010 ж. 27 сәу.

    Қорынттықт. 1-хат 7:29 · Әйүп 14:1–2

  • 2010 ж. 26 сәу.

    Таңдаулы ән 2:6 · Заңды қайталау 33:27

  • 2010 ж. 25 сәу.

    Матай 1:21 · Жоханның 1-хаты 3:5

Ұқсас мақалалар

  • Теология

    Құдай туралы дұрыс ойлау: Мәсіхші өміріңіздің тіректері

    Құдайды дұрыс түсіну мәсіхші өмірі үшін өте маңызды. Бұл махаббатты көрсетеді, пұтқа табынудың алдын алады…

    2021 ж. 25 қар.·Белгісіз
  • Ізгі хабар тарату

    Евангелист қалай болуға болады: Киелі жазбадағы қадамдар мен нұсқаулар

    Евангелисттер – көктегі біздің көтерілген Басшымыз, Иеміз Исадан келген сый. Евангелист болуға деген ұмтылыс…

    2024 ж. 6 ақп.·Юджин П. Веддер, мл.
  • Киелі адамдар

    Жалпы жиналыс және Тұңғыш баланың шіркеуі түсіндірілді

    Екеуінің арасында ерекше айырмашылық бар ма? Ескі және Жаңа Өсиет әулиелерінің ортақ және ерекше аспектілерін…

    2024 ж. 22 нау.·Том Стир
  • Киелі және патшалық діни қызмет: Сенушілер үшін екі тәртіп

    Дін қызметі

    Қасиетті және Патшалық діни қызмет: Сенушілер үшін екі дәреже

    Барлық христиандар қасиетті және патшалық діни қызметкер ретінде қызмет етеді. Құдайға рухани құрбандықтарды…

    2025 ж. 3 ақп.·Роджер Пенни
  • Құдай жүректі көреді: Бүгінгі 1 Самуил 16:7-ні түсіну

    Сенім

    Құдай жүректі көреді: Бүгінгі 1 Самуил 16:7-ні түсіну

    Құдай біздің жүрегімізді көреді, ал адамдар сыртқы келбетіне қарай бағалайды. Киелі жазбаның шынайы сенім мен…

    2024 ж. 31 там.·Брюс Коллинз
  • Шіркеу

    Нағыз шіркеуді табу: Киелі кітап шын мәнінде не айтады

    Киелі кітаптың нағыз Шіркеу туралы не үйрететінін біліңіз. Бұл ғимарат емес, Мәсіхтің денесі, қалыңдығы және…

    2024 ж. 24 нау.·Мартин Жирар