Қылмыскерлерге ақ жолыңды үйретейін, Күнәкарлар сонда Саған бұрмақ беттерін.
Забур жырлары 50:15
Күнделікті нұр
Қылмыскерлерге ақ жолыңды үйретейін, Күнәкарлар сонда Саған бұрмақ беттерін.
Забур жырлары 50:15
Жұрт былай демек Сион қаласы жайында: «Осындай да осындай ер туған мұнда, Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».
Забур жырлары 86:5
Содан Жақып үй ішіне және еріп жүрген адамдарының бәріне былай деп тапсырма берді: «Қолдарыңда бар бөтен тәңірлердің мүсіндерін лақтырып тастап, жуынып-тазарып, киімдеріңді ауыстырыңдар! Содан кейін жиналып, Бетелге өрлейік. Сол жерде мен Құдайға арнап құрбандық ұсынатын орын салмақпын. Күйзелген кезімде Ол маған құлақ асып, жүрген жолдарымда жар болып келеді». —
Жаратылыстың баст. 35:2–3
Жарық нұрды Сен шапандай киесің, Аспанды шатырдай жайып жібересің,
Забур жырлары 103:2
Иемізді даңқтаңдар, барлық ұлттар! Оны мадақтаңдар, күллі халықтар! Ол зор мейірімін танытады, Бізге мәңгілік адал болады. Мадақтаңдар Иеміз — Жаратқанды!
Забур жырлары 116:1–4
Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге хат 10:37
Сонда Жаратқан Ие маған былай деп жауап берді: — Сен аянда көрген хабарымды тақташаларға анық қылып жазып қой! Содан шабарман оны әр жерде оқып жарияласын! Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді.
Аббақұқ 2:2–3
Сүйікті бауырластар, Жаратқан Иенің алдында бір күн мың жылдай, ал мың жыл бір күндей екенін жақсылап ұғып алыңдар. Кейбіреулер «Ол кешігіп, келмей қалды» деп санағанмен, Иеміз уәдесін орындауын кешіктірмейді! Керісінше, Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, солардан арылуын қалайды!
Петірдің 2-хаты 3:8–9
Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен, шіркін! Сенің алдыңда таулар шайқалар еді!
Ишая 64:1
Сен Өзіңді сеніммен күткендерге игіліктер жасайсың. Мұны істейтін бірде-бір өзге құдай жоқ! Бұрын-соңды ешкім ондай құдай туралы құлағымен естіп, көзімен көрген де емес.
Ишая 64:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2012 ж. 4 қаз.
2012 ж. 3 қаз.
2012 ж. 2 қаз.
2012 ж. 1 қаз.
2012 ж. 30 қыр.
2012 ж. 29 қыр.
2012 ж. 28 қыр.

Дұға
Забурдан дұғаның бес қарапайым аспектісін ашыңыз, олар сізге тереңірек, жеке дұға өмірін дамытуға көмектеседі.

Шәкірттік
Автор қарт әулиенің басқа сенушілерге қамқорлық жасау туралы өлер алдындағы тілегін баяндайды, Құдайдың…

Құлшылық
Ежелгі исраилдік әйелдер діни қызметкерлердің Құдай алдында жуынуына мүмкіндік беру үшін өз айналарын…

Құдайдан қорқу
Құдайдан қорқудың екі жағын зерттеңіз: имансыздар үшін үкім және имандылар үшін құрметті таңдану. Бұл…

Рухани өсу
Асафтың түсініксіздігі Құдайдың киелі орнында қалай тыныштыққа айналғанын зерттеңіз және Жаңа Өсиетте…

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…