Қаналғандарға Жаратқан пана болады, Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады,
Забур жырлары 9:10
Күнделікті нұр
Қаналғандарға Жаратқан пана болады, Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады,
Забур жырлары 9:10
Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара, Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана.
Нақыл сөздер 18:10
Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым! Оған сеніп, қорықпаймын да енді, Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі, Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы, Ол адал Құтқарушым болып келеді!»
Ишая 12:2
Жаратқан Ие сендерді өз халқы етіп таңдап алған болатын. Енді Ол Өзінің ұлы даңқына бола меншікті халқын тастамақ та емес.
Патшалықтар 1-ж. 12:22
Мұндай қорқынышты ажал қаупінен Ол бізді құтқарып алды және әлі де құтқаруда; сондай-ақ болашақта да құтқаратын болады деп Оған нық сенім артамыз.
Қорынттықт. 2-хат 1:10
Ақшақұмар болмай өмір сүріп, қолдағы барды қанағат тұтыңдар! Құдай: «Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын», — деген ғой. Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.
Еврейлерге хат 13:5–6
ауыздарынан арам сөз шықпайтын, олар мінсіз.
Аян 14:5
Жаратқан Ие тағы мынаны уәде етеді: — Сол заманда Солтүстік Исраилдің айыбы мен Яһуданың күнәсі іздесе де, еш табылмай жоқ болып шығады. Өйткені Мен халқымнан тірі қалдырған адамдардың күнәларын кешіремін».
Еремия 50:20
«Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың. Сен бізге қайтадан рақымыңды көрсетесің. Әділетсіз істерімізді аяғыңмен таптап, күнәларымыздың бәрін де теңіздің тұңғиығына тастайсың!
Миха 7:18–19
Өзінің сүйікті рухани Ұлы арқылы бізге сыйлаған керемет рақымы үшін Құдай мадақтала берсін!
Ефестікт. хат 1:6
Алайда Ол сендерді Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы Өзімен татуластырды. Бұны сендерді алдына әкелген кезде Өзіне бағышталған кінәратсыз, айып тақпайтындай таза болуларың үшін жасады.
Қолостықт. хат 1:22
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 7 қаң.
2013 ж. 6 қаң.
2013 ж. 5 қаң.
2013 ж. 4 қаң.
2013 ж. 3 қаң.
2013 ж. 2 қаң.
2013 ж. 1 қаң.

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің неге даусыз чемпион және бәрінен де бірінші екенін біліңіз. Оның біріншілігі және Оны өміріңізде…

Құдайдың адалдығы
Жақыптың өмірінен айлакерлік, сенім, мойынсұну және Құдайдың өзгермейтін рақымы мен адалдығы туралы тоғыз…
Мәсіхшілік өмір
Рухани жалқаулық сылтау айтумен, Құдай Сөзін елемеумен және мүмкіндіктерді ысырап етумен сипатталады. Ол…

Дұға
Забурдан дұғаның бес қарапайым аспектісін ашыңыз, олар сізге тереңірек, жеке дұға өмірін дамытуға көмектеседі.

Мәсіх
Иса Мәсіхтің туылуын, өлімін, қайта тірілуін және Иеміздің Майланғаны ретіндегі мәңгілік билігін пайғамбарлық…

Құлшылық
Жаратқан Ие жерді әділдікпен соттауға келіп, Өзінің шындығы мен әділдігін орнатқанда, Оған жаңа ән айтудың…