Себебі Жаратушы даналық сыйлар, Білім мен түсінік Оның аузынан шығар,
Нақыл сөздер 2:6
Күнделікті нұр
Себебі Жаратушы даналық сыйлар, Білім мен түсінік Оның аузынан шығар,
Нақыл сөздер 2:6
Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.
Нақыл сөздер 3:5
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Жақыптың хаты 1:5
Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады.
Қорынттықт. 1-хат 1:27
Осылайша Құдайдың алдында ешкімнің де мақтануына болмайды.
Қорынттықт. 1-хат 1:29
Бәрі Оған ризалық білдіріп, аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалды. Бұдан кейін олар: — Мынау Жүсіптің Баласы емес пе? — деп өзара сұрасты.
Лұқа 4:22
Сақшылар: — Бірде-бір адам Ол сияқты сөйлеген емес! — деді.
Жохан 7:46
Тәңір Иенің істегені арқылы сендер Иса Мәсіхпен тығыз байланысқа келдіңдер. Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп, бізді Ол арқылы ақтап, Өзінің қасиетті халқы қылып, күнәнің құлдығынан құтқарды.
Қорынттықт. 1-хат 1:30
Мен халқымды езгіден құтқаратын жыл келді, арамза жауларыма жазаларын тартқызатын мезгіл жетті деп ұйғардым.
Ишая 63:4
Елуінші жылды Құдайға ерекше бағышталған деп қастерлеңдер! Сонда елдің барлық тұрғындарына бостандық жариялаңдар! Бұл жыл — сендерге арналған Мереке жылы. Әрқайсыларың өз руларыңа, ата-бабаларыңнан қалған мұралық жерлеріңе қайтып келіп, оны иемденіңдер.
Леуіліктер 25:10
Сендердің өлген адамдарың қайтадан өмір сүреді, олардың тәндері өлімнен қайта тірілмек. Уа, жер астында жатқан бәрің де, өлімнен оянып, шаттана әндетіңдер! Сендер таңғы шықпен суартылған өсімдіктей өсіп-өнесіңдер. Жер өлгендерді шығарып, бұ дүниеге қайтармақ.
Ишая 26:19
Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз.
Салониқал. 1-хат 4:16–17
Мен оларды о дүниенің билігінен босатып, өлімнен құтқарып аламын ба? (Жоқ, солай істемеймін.) Өлім, қайда улы тісің? О дүние, қайда сенің жеңісің? Мен еш аяушылық көрсетпеймін».
Ошия 13:14
Бірақ сол екі халықтың құтқарушы Қамқоршылары күшті. Оның есімі: «Әлемнің Иесі». Ол солардың мүдделерін қайсарлықпен қорғайды. Осылай Ол елдеріне тыныштық сыйлайды, ал Бабылдың тұрғындарына зобалаң жібереді.
Еремия 50:34
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 18 ақп.
2013 ж. 17 ақп.
2013 ж. 16 ақп.
2013 ж. 15 ақп.
2013 ж. 14 ақп.
2013 ж. 13 ақп.
2013 ж. 12 ақп.

Мейірім
Рут кітабы Құдайдың мұқтаждарға жететін мейірімін көрсетеді және Мәсіх пен Оның халқы арасындағы дамып келе…

Демалыс
Құдайдың мәңгілік тыныштығын, жаратылыстан Ескі Келісімнің сенбісіне дейін және оның Иса Мәсіхте орындалуын…

Киелі кітапты зерттеу
Інжіл Құдайдың сүйіспеншілігін, Құтқарушыға деген қажеттілігіңізді және Иса Мәсіх арқылы мәңгілік өмірге…

Сенім
Иса Петрге «тереңге шығуды» айтқанда, біз мойынсұну мен сенім туралы сабақ аламыз, тіпті логикаға қайшы келсе…

Сенім
2 Патшалықтар 4-тегі екі әйелдің: пайғамбардың жесірі мен шунамдық әйелдің оқиғаларын зерттеңіз. Олардың…
Құтқарылу
Құтқарудың библиялық тұжырымдамасын зерттеңіз, оған Құдайдың сақтауы, азаптан құтқаруы және күнделікті…