Ал өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес.
Жоханның 1-хаты 5:3
Күнделікті нұр
Ал өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес.
Жоханның 1-хаты 5:3
Себебі Әкемнің еркі мынау: Өзінің рухани Ұлына назар аударып, сенім артқан барлық адамдарға мәңгілік өмір сыйлау. Мен соларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.
Жохан 6:40
Одан не сұрасақ та, аламыз. Өйткені Құдайдың өсиеттерін орындап, Ол не қаласа, соны істейміз.
Жоханның 1-хаты 3:22
Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім».
Матай 11:30
Сендер Мені сүйсеңдер, өсиеттерімді орындаңдар!
Жохан 14:15
Менің өсиеттерімді жүректеріне сақтап, орындап жүргендер — Мені сүйетіндер. Оларды Әкем де сүйеді. Мен де соларды сүйіп, Өзімді оларға жақынырақ таныстырамын. —
Жохан 14:21
Қандай бақытты даналықты тапқан адам, Ақыл-парасатты иемденген әрбір жан!
Нақыл сөздер 3:13
Даналық ұнамды жолдармен жүргізер, Соқпақтары адамды тыныштыққа жеткізер.
Нақыл сөздер 3:17
Іштей Құдай заңына ризамын,
Римдіктерге хат 7:22
Ал Құдайдың өсиеттері мынау: Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхке сеніп, бір-бірімізді сүюіміз керек.
Жоханның 1-хаты 3:23
Сүйіспеншілікке кенелген адам маңайындағыларға жамандық істемейді. Сондықтан сүйіспеншілік көрсету — Құдайдың заңын орындау.
Римдіктерге хат 13:10
Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін, Керемет істеріңді паш етемін.
Забур жырлары 25:7
Әділетсіз істеріңді тұмандай сейілттім, Күнәларыңды жел айдаған бұлттай жоқ еттім, Енді теріс жолыңнан қайтып, бет бұр Өзіме! Мен қамқоршың болып құтқарып, кешірдім!»
Ишая 44:22
Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын!
Ишая 43:25
Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын.
Ишая 1:18
Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын.
Еремия 31:34
Сен бізге қайтадан рақымыңды көрсетесің. Әділетсіз істерімізді аяғыңмен таптап, күнәларымыздың бәрін де теңіздің тұңғиығына тастайсың!
Миха 7:19
Зор қайғы шеккенім игі болды маған! Сен алып қалдың мені өлім аузынан, Күнәмді лақтырдың асыра арқаңнан.
Ишая 38:17
«Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың.
Миха 7:18
және шынайы хабарды адал жеткізген Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Иса Мәсіх — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы, әрі жер бетіндегі патшалықтардың Әміршісі. Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты,
Аян 1:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2013 ж. 28 мау.
2013 ж. 27 мау.
2013 ж. 26 мау.
2013 ж. 25 мау.
2013 ж. 24 мау.
2013 ж. 23 мау.
2013 ж. 22 мау.

Шәкірттік
Мәсіхтің біздің Ұстазымыз ретіндегі артықшылықтарын, міндеттерін және баталарын біліңіз. Оның қызметшілері…

Мейірім
Рут кітабы Құдайдың мұқтаждарға жететін мейірімін көрсетеді және Мәсіх пен Оның халқы арасындағы дамып келе…

Шәкірттік
Мәсіхтің Матай 11:28-30-дағы қызметке арналған үш қадамдық жоспарын ашыңыз. Қалай тыныштық табуға, Оның…

Артқа кету
Рухани азғындаудың рухани ұйқышылдық арқылы қалай біртіндеп болатынын біліңіз және Мәсіхпен салауатты өмір…

Демалыс
Иса шаршағандарды күнә жүгінен тыныштық табуға шақырады. Оның жеңіл мойынтұрағын алып, одан үйреніңіз және…

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…