Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 15 қаңтар, сәрсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Сонымен, Мәсіх өлімнен қайта тірілгенде сендер Онымен бірге рухани тірілдіңдер. Сондықтан көкке лайықты қасиеттерді иемденуге ұмтылыңдар! Өйткені Мәсіх көкте, Құдайдың оң жағында отыр. Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар! Себебі сендер рухани өлдіңдер, енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.

Қолостықт. хат 3:1–3

Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз. Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.

Філіпілікт. хат 3:20–21

Өйткені ескі болмысымыздың қалауы Киелі Рухқа қарсы, әрі Рухтың қалауы ескі болмысымызға қарсы. Бұл екеуі бір-біріне қарама-қайшы, сондықтан игі ниеттеріңді жүзеге асыра алмайсыңдар.

Ғалаттықт. хат 5:17

Сондықтан, қымбатты бауырластар, ескі күнәкар болмысымыздың еркімен өмір сүруге міндетті емеспіз! Өйткені егер оның еркіне сай өмір сүрсеңдер, Құдайдан ажырап, мәңгілік өлімге ұшырайсыңдар. Ал егер Киелі Рухтың күшімен күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетінен мүлдем бас тартсаңдар, шынайы өмір сүресіңдер.

Римдіктерге хат 8:12–13

Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар!

Петірдің 1-хаты 2:11

Иеміз маған берген рақымға сүйене отырып, әрбіреуіңе айтамын: өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар! Қайта, Құдайдан сенім арқылы әрқайсыңның үлестеріңе қандай рухани дарындар тигенін ойлай отырып, өздеріңді саналы түрде бағалаңдар.

Римдіктерге хат 12:3

Сенімі әлсіз бауырластарды олардың ой-пікірлері жөнінде таласпай, қауымдарыңда қабыл алыңдар!

Римдіктерге хат 14:1

Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды.

Римдіктерге хат 4:20

Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп: — Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді.

Матай 14:31

Иса: — Қарындас, сенімің ғаламат зор екен! Тілегенің болсын! — деді. Сол сәтте-ақ оның қызы сауығып кетті.

Матай 15:28

Иса үйге кіргеннен кейін сол екі зағип Оның қасына келді. Иса: — Менің солай істей алатыныма сенесіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар: — Иә, Тақсыр, сенеміз, — деп жауап берді. Сонда Иса: — Сенімдеріңе сай болсын! — деп, көздеріне саусағын тигізді.

Матай 9:28–29

Сонда елшілері Иеміз Исадан: — Сенімімізді арттыра көріңіз, — деп өтінді.

Лұқа 17:5

Негіздерің Мәсіхте болып, терең тамыр жайып, өсе беріңдер; өздеріңе үйреткен сенімді мықтап ұстанып, Құдайға шексіз алғыс айтатын болыңдар!

Қолостықт. хат 2:7

Мәсіхпен байланысымызда бізді сендермен бірге табанды етіп, тағайындаған — Құдайдың Өзі:

Қорынттықт. 2-хат 1:21

Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды.

Петірдің 1-хаты 5:10

Сенімі берік біздер күмәнданғандардың Таурат заңына сәйкес іс-әрекеттеріне төзіп, оларға көмектесуге тиіспіз. Тек өзімізге ұнайтынды ғана емес,

Римдіктерге хат 15:1

Ендеше бір-бірімізді айыптауды тоқтатайық! Қайта, бауырластарыңды істегендерің арқылы тура жолдан тайдырып, азғындыққа түсірмеуге шешім қабылдаңдар!

Римдіктерге хат 14:13

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 14 қаң.

    Жохан 14:28 · Лұқа 11:2

  • 2014 ж. 13 қаң.

    Ишая 26:3 · Забур жырлары 55:22

  • 2014 ж. 12 қаң.

    Яһуданың хаты 25 · Қорынттықт. 1-хат 1:30

  • 2014 ж. 11 қаң.

    Забур жырлары 65:1 · Қорынттықт. 1-хат 8:6

  • 2014 ж. 10 қаң.

    Салониқал. 1-хат 5:23 · Ефестікт. хат 5:25

  • 2014 ж. 9 қаң.

    Забур жырлары 60:4 · Ишая 59:19

  • 2014 ж. 8 қаң.

    Забур жырлары 9:10 · Нақыл сөздер 18:10

Ұқсас мақалалар

  • Жохан Марктың өзгеруі: Пайдалы қызметші

    Шәкірттік

    Жохан Марктың өзгеруі: Пайдалы қызметші

    Жохан Марктың алғашқы қызметінен және бастапқы сәтсіздігінен бастап, оның құтқарылуына және адал қызметші…

    2025 ж. 8 жел.·Белгісіз
  • Құдай адамды әділ деп жариялайды: Ақталуды түсіну

    Ақталу

    Құдай адамды әділ деп жариялайды: Ақталуды түсіну

    Ақталу нені білдіретінін біліңіз: Құдай сенушілерді Иса Мәсіхке деген сенім арқылы әділ деп жариялайды. Бұл…

    2025 ж. 3 мам.·Альфред Баутер
  • Христианның үміті: Құдайдың уәделеріне қатысты Киелі кітаптағы көзқарас

    Үміт

    Христианның үміті: Құдайдың уәделеріне қатысты Киелі жазбалар көзқарасы

    Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

    2025 ж. 2 қаң.·Алан Кросби
  • Жігерлендіру

    Христиандық жігерлендіру бүгінде қайдан келеді?

    Сенушілер қиын уақытта жігерлендіруді қайдан табады? Шынайы жігерлендіру Құдайдан, Жазбалардан, Інжілден және…

    2024 ж. 28 там.·Джордж Хоук
  • Матай Інжілі: Иса Мәсіх, Исраилдің уәде етілген Патшасы

    Иса Мәсіх

    Матай Інжілі: Иса Мәсіх, Исраилдің уәде етілген Патшасы

    Матай Інжілі Ескі Өсиет пайғамбарлығын жаңа рақым дәуірімен байланыстырады, Иса Мәсіхті Исраилдің уәде…

    2024 ж. 22 ақп.·Х. А. Айронсайд
  • Христиандық садақа берудің рухани тәжірибесі және оның баталары

    Басқарушылық

    Христиандық садақа берудің рухани тәжірибесі және оның баталары

    Христиандық садақа берудің рухани себептері мен пайдаларын зерттеңіз, оның Құдайды қалай даңқтайтынын…

    2025 ж. 22 там.·Морис Бассали
  • Жохан Марктың өзгеруі: Пайдалы қызметші

    Шәкірттік

    Жохан Марктың өзгеруі: Пайдалы қызметші

    Жохан Марктың алғашқы қызметінен және бастапқы сәтсіздігінен бастап, оның құтқарылуына және адал қызметші…

    2025 ж. 8 жел.·Белгісіз
  • Құдай адамды әділ деп жариялайды: Ақталуды түсіну

    Ақталу

    Құдай адамды әділ деп жариялайды: Ақталуды түсіну

    Ақталу нені білдіретінін біліңіз: Құдай сенушілерді Иса Мәсіхке деген сенім арқылы әділ деп жариялайды. Бұл…

    2025 ж. 3 мам.·Альфред Баутер
  • Христианның үміті: Құдайдың уәделеріне қатысты Киелі кітаптағы көзқарас

    Үміт

    Христианның үміті: Құдайдың уәделеріне қатысты Киелі жазбалар көзқарасы

    Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

    2025 ж. 2 қаң.·Алан Кросби
  • Жігерлендіру

    Христиандық жігерлендіру бүгінде қайдан келеді?

    Сенушілер қиын уақытта жігерлендіруді қайдан табады? Шынайы жігерлендіру Құдайдан, Жазбалардан, Інжілден және…

    2024 ж. 28 там.·Джордж Хоук
  • Матай Інжілі: Иса Мәсіх, Исраилдің уәде етілген Патшасы

    Иса Мәсіх

    Матай Інжілі: Иса Мәсіх, Исраилдің уәде етілген Патшасы

    Матай Інжілі Ескі Өсиет пайғамбарлығын жаңа рақым дәуірімен байланыстырады, Иса Мәсіхті Исраилдің уәде…

    2024 ж. 22 ақп.·Х. А. Айронсайд
  • Христиандық садақа берудің рухани тәжірибесі және оның баталары

    Басқарушылық

    Христиандық садақа берудің рухани тәжірибесі және оның баталары

    Христиандық садақа берудің рухани себептері мен пайдаларын зерттеңіз, оның Құдайды қалай даңқтайтынын…

    2025 ж. 22 там.·Морис Бассали