Сендердің кішіпейіл екендеріңді елдің бәрі көре алсын. Иеміз қастарыңда ғой.
Філіпілікт. хат 4:5
Күнделікті нұр
Сендердің кішіпейіл екендеріңді елдің бәрі көре алсын. Иеміз қастарыңда ғой.
Філіпілікт. хат 4:5
Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз. Бір-біріңді осы сөзбен жұбатыңдар!
Салониқал. 1-хат 4:16–18
Осының бәрін Растаушы былай дейді: — Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин! — Иеміз Иса, келе гөр!
Аян 22:20
Сонымен, сүйікті бауырластар, сендер бұлардың келуін күтіп жүргендіктен, Мәсіхтің алдында тұрғанда Оның сендерді мүлтіксіз пәк таза, тыныштықпен өмір сүрді деп табуы үшін осыған жан сала ұмтылыңдар!
Петірдің 2-хаты 3:14
Жамандықтың қай түрінен де аулақ жүріңдер! Тыныштықты сыйлайтын Құдай сендерді Өзіне толықтай бағышталдырып, қасиетті өмір сүргізсін. Иеміз Иса Мәсіх қайтып келгенде мінсіз болуларың үшін рухтарың мен жан-тәндерің кіршіксіз пәк сақталсын. Сендерді шақырған Құдай сенімді, Ол бұларды жүзеге асырады да.
Салониқал. 1-хат 5:22–24
Сендер де сабырмен күтіп, жүректерің мызғымас табанды болсын. Өйткені Иеміз жуырда қайтып келмек.
Жақыптың хаты 5:8
Яһуда есегін мықты жүзім бұтасына, Қодығын байлап қояды жүзім сабағына. Ол өз шапанын жүзім шарабына, Киімін жуатын болады жүзім шырынына.
Жаратылыстың баст. 49:11
Енді мен Жан досымның атынан Оның жүзімдігі жайлы жырын айтып берейін: Досымның жүзімдігі құнары асқан Қыраттың беткейіне орналасқан. Досым оның топырағын қопсытып, Тазартты барлық тастардан арылтып, Таңдаулы бұталарды отырғызып, Күзетуге мұнара салды қойып. Жүзім шырынын таптап сығуға арнап Шұңқыр да жасап қойды әктастан қашап. Содан тәтті жемістің шығуын күтті, Жүзімдер бірақ ащы болып шықты!
Ишая 5:1–2
Сені жемісі құнды асыл тұқымды жүзім бұтасы деп отырғызған едім. Қалайша енді бөгде жүзім бұтасының жабайы сабақтары болып шыға келдің?!
Еремия 2:21
Ескі күнәкар болмысымыздан туындайтын қылықтар белгілі, бұлар: неке адалдығын бұзу, азғындық және ұстамсыздық;
Ғалаттықт. хат 5:19
күншілдік, кісі өлтіру, маскүнемдік, жүгенсіздік және сол сияқтылар. Бұлар жайлы сендерге былай деп ескертемін, бұрын да ескерткенмін: мұндаймен айналысатындарға Құдайдың Патшалығында орын жоқ. Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.
Ғалаттықт. хат 5:21–23
— Мен «шынайы жүзім бұтасымын», ал көктегі Әкем «жүзім өсіруші». Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады.
Жохан 15:1–2
Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын. Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар.
Жохан 15:4
Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді.
Жохан 15:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 23 қаң.
2014 ж. 22 қаң.
2014 ж. 21 қаң.
2014 ж. 20 қаң.
2014 ж. 19 қаң.
2014 ж. 18 қаң.
2014 ж. 17 қаң.

Әділдік
Әділдік жемісін зерттеңіз: оның қасиетті табиғаты, оның бейбітшілікте қалай себілетіні, Құдайдың жазалауы…

Құтқарылу
Иса тарихтағы ең радикалды миссияға ерікті болды – адамзаттың құтқарылуы үшін өз өмірін құрбан ету үшін Жерге…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Христология
Исаның Жохан Інжіліндегі «Менмін» деген сөздері арқылы Құдайдың түсініксіз, бірақ танымал табиғатын қалай…