Мені үрейлендіре көрме! Басыма күн туғанда Сені паналаймын.
Еремия 17:17
Күнделікті нұр
Мені үрейлендіре көрме! Басыма күн туғанда Сені паналаймын.
Еремия 17:17
Жаратқанға лайықты тарту арнаңдар, Оған сенім артып, мойынсұныңдар!
Забур жырлары 4:6
Сенің қолыңа рухымды тапсырамын. Уа, Ием, шынайы Құдай, Сен мені құтқардың.
Забур жырлары 30:6
Қуанып, шаттанамын рақымыңа Сенің, Сен байқадың мүшкіл халімді менің, Жанымның азабына көңіліңді бөлдің. Сен мені қалдырмадың жаудың қолына, Қайта, мені тұрғыздың ашық орынға. Рақым ете гөр, қиналып тұрмын, Уа, Ием, күйіктен солды жанарым, Зор қасіреттен әлсіреді жан-тәнім.
Забур жырлары 30:8–10
«Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие.
Ишая 54:7–8
Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: сендер жылап, жоқтау айтатын боласыңдар, ал күнәкар дүние қуанатын болады. Сендер қайғырасыңдар, бірақ қайғыларың қуанышқа айналатын болады.
Жохан 16:20
Шығаршы мені жау құпия құрған тордан, Себебі Сен берік қорғансың маған.
Забур жырлары 30:5
Адам ата жүз отыз жасқа келгенде өзіне ұқсас бір ұлды болып, оған Сет деп ат қойды.
Жаратылыстың баст. 5:3
Арам адамнан адал нәрсені кім шығара алады? Ешкім де!
Әйүп 14:4
Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан, Алдауды да ақиқатты айтудан.
Забур жырлары 51:5
Бұрын сендер Құдайдың бұйрығын бұзып, күнә жасай беріп, рухани өлі едіңдер.
Ефестікт. хат 2:1
Біз де бұрын сондайлармен бірге болып, күнәкар болмысымыздың құмарлықтарына беріліп, ойымыз бен бойымыздағы тілектерімізді орындадық. Басқаларға сияқты бізге де Құдайдың қаһарының төгілетіні табиғатымыздан белгілі еді.
Ефестікт. хат 2:3
Таурат заңының Құдай Рухынан шыққанын білеміз, ал мен пенде ретінде күнәлі құмарлықтардың құлдығындамын. Не істеп жүргенімді өзім де түсінбеймін: қалағанымды емес, керісінше, жек көретінімді істеп жүрмін.
Римдіктерге хат 7:14–15
Менің бойымда, яғни ескі күнәкар болмысымда, жақсылық жоқ екенін білемін; сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күшім жоқ.
Римдіктерге хат 7:18
Бұдан шығатын қорытынды мынау: бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді. Адамдардың бәрі де ажалды болды, өйткені барлығы күнә жасады.
Римдіктерге хат 5:12
Бір кісінің Құдайға мойынсұнбауы көптеген адамдарды күнәкар етті. Дәл солай, басқа бір Кісінің Құдайға мойынсұнуы арқылы көптеген адамдар ақталады.
Римдіктерге хат 5:19
Алайда Құдайдың беретін сыйын және Адам атаның күнә жасауын салыстыруға болмайды: сол бір кісінің күнәсі арқылы бүкіл адамзат ажалды болды, ал Құдайдың рақымы және Оның бір Кісінің, яғни Иса Мәсіхтің рақымы арқылы берген сыйы одан қаншама зор! Осы сый көптеген адамдарға молынан тиді.
Римдіктерге хат 5:15
Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.
Римдіктерге хат 8:2
Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Қорынттықт. 1-хат 15:57
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 17 ақп.
2014 ж. 16 ақп.
2014 ж. 15 ақп.
2014 ж. 14 ақп.
2014 ж. 13 ақп.
2014 ж. 12 ақп.
2014 ж. 11 ақп.

Құдайдың егемендігі
Құдай білім ағашын бағыну сынағы ретінде, қателік емес, көз алдына қойды.

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Күнә
Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…

Шәкірттік
Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

Мұса заңы
Заңның мақсатын, оның шектеулерін және христиандардың неліктен оның айыптауының астында емес екенін түсініңіз.

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…