Тегіс жерде табан басып нық тұрамын, Жиындарда Жаратқанға мақтау айтамын.
Забур жырлары 25:12
Күнделікті нұр
Тегіс жерде табан басып нық тұрамын, Жиындарда Жаратқанға мақтау айтамын.
Забур жырлары 25:12
Дененің «шамы» — көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі.
Матай 6:22
Сонда сендер жолдан оңға не солға қарай бұрылмақ болғанда, бір дауыстың арт жақтан: «Жол мынау, сонымен жүріңдер!» дегенін еститін боласыңдар.
Ишая 30:21
Күллі жер Жаратқан Иені қастерлесін, Әлемнің бар халқы Оны құрметтесін, Өйткені Ол сөз айтқанда орындалды, Бұйрық бергенде бар болып, берік тұрды. Иеміз бағынбайтын ұлттардың ойларын Шайқалтып, жояды арамза жоспарларын. Жаратқанның жоспары мәңгі берік тұрады, Бар ұрпақтарға ниеті нық сақталады.
Забур жырлары 32:8–11
«Уа, Жаратқан Ие, адамның өмір жолы өз еркінде еместігін білемін. Адамның өз жүретін жолын өздігінен бағыттауына болмайды.
Еремия 10:23
Төсекте жатқанда ешқандай қамықпассың, Қауіпті уайымдамай, жайлы ұйықтарсың,
Нақыл сөздер 3:24
Біраздан кейін сұрапыл дауыл көтеріліп, қайық толқынның астында қалып, суға тола бастады. Ал Иса қайықтың артқы жағында көпшік жастанып ұйықтап жатты. Шәкірттері Оны оятып: «Ұстаз, құритын болдық! Жағдайымызды ойламайсыз ба?» — деп айқайлады.
Марқа 4:37–38
Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер! Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
Філіпілікт. хат 4:6–7
Молайса нан менен жүзім шырыны, Саған сенбейтіндер масаттанады. Менің жүрегімді Өзің шаттандырдың, Соншама зор қуанышқа толтырдың.
Забур жырлары 4:8
Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің, Құдай сені жарылқап, өркендейсің.
Забур жырлары 127:2
Олар тас лақтырып ұрып жатқанда, Степан: «Уа, Ием Иса, рухымды Өзіңе ала гөр! — деп сиынды. Тізерлеп отыра қалған ол қатты дауыстап: — Ием, олардың бұл күнәсін мойындарына арта көрме!» — деді. Осыларды айтысымен ол жан тапсырды.
Елшіл. істері 7:59–60
Содан жігерлі болып, осы тәнімізді тастап, Иеміздің қасында орнығуды қалаймыз.
Қорынттықт. 2-хат 5:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 21 ақп.
2014 ж. 20 ақп.
2014 ж. 19 ақп.
2014 ж. 18 ақп.
2014 ж. 17 ақп.
2014 ж. 16 ақп.
2014 ж. 15 ақп.

Рухани тәртіп
Киелі жазбаларды оқу, медитация және дұға арқылы Құдаймен күнделікті тыныш уақытты қалай орнатуға және…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Мәсіхшілік өмір
Мәсіхке қызмет етудің шынайы уәждерін, қызмет етудің тиімді әдістерін және адал қызметтің, әсіресе балалар…

Рухани соғыс
Ібілістің айла-шарғысына қарсы тұру үшін Құдайдың сенушілерге беретін рухани қаруын түсініңіз.

Басқарушылық
Христиандық садақа берудің рухани себептері мен пайдаларын зерттеңіз, оның Құдайды қалай даңқтайтынын…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…