Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің!
Ишая 43:1
Күнделікті нұр
Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің!
Ишая 43:1
Халқым, қорықпа, енді қайтып ұятқа қалмайсың, қысылма, сен масқара болмайсың. Жас кезіңдегі ұятқа қалған жайтты ұмытып, жесірлік қасіретіңді де есіңе алмайсың. Өйткені өзіңді жаратқан Тәңір саған жар! Ол сені құтқарып алған Қамқоршың, Әлемнің Иесі және Исраилдің Киелі Құдайы деп те аталады. Бүкіл жер бетінің Құдайы деген атағы да бар.
Ишая 54:4–5
Әділетсіз істеріңді тұмандай сейілттім, Күнәларыңды жел айдаған бұлттай жоқ еттім, Енді теріс жолыңнан қайтып, бет бұр Өзіме! Мен қамқоршың болып құтқарып, кешірдім!»
Ишая 44:22
Құдайдың мінсіз де мүлтіксіз «Тоқтысы» — Мәсіхтің Өзі құрбан болып, баға жетпес қанын төгуімен құтқарылуларыңның құнын төледі.
Петірдің 1-хаты 1:19
Бірақ сол екі халықтың құтқарушы Қамқоршылары күшті. Оның есімі: «Әлемнің Иесі». Ол солардың мүдделерін қайсарлықпен қорғайды. Осылай Ол елдеріне тыныштық сыйлайды, ал Бабылдың тұрғындарына зобалаң жібереді.
Еремия 50:34
Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды.
Жохан 10:29
Сендерге Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай берсін! Иса Мәсіх бізді қазіргі зұлым дүниенің құлдығынан құтқару үшін Құдай Әкеміздің еркі бойынша күнәларымыздың құнын өтеп жанын құрбан етті. Құдайдың ұлылығы мәңгі мадақтала берсін! Аумин.
Ғалаттықт. хат 1:3–5
Жаратқан Иенің берік мейірімін, Біз үшін жасаған бар игі істерін Мен есіме түсіріп дәріптеймін. Иеміз Исраил халқына молынан Көрсетіп келеді мейірімділігін, Аямай төккен шексіз рақымымен Тәңір істеп келеді зор игіліктерін.
Ишая 63:7
Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты! Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады,
Забур жырлары 40:2
сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
Ғалаттықт. хат 2:20
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?
Римдіктерге хат 8:32
Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді.
Римдіктерге хат 5:8
Ол бізге өз иелігінің «таңбасын басып», берген уәделерінің орындалуының кепілі ретінде Киелі Рухын жүректерімізге орнықтырды.
Қорынттықт. 2-хат 1:22
Киелі Рух, сондай-ақ, болашақта алатын игіліктеріміздің бастапқы бөлігі әрі кепілі де. Құдай Өзінің меншікті халқын жамандықтың әсерінен түгелдей құтқарғанда сол игіліктердің бәрін иемденетін боламыз. Осылай Тәңір Иенің керемет ұлылығы мадақталмақ.
Ефестікт. хат 1:14
Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар. Құдай Мәсіх Исамен тығыз байланыстағы бізді Онымен бірге тірілтіп, көкте Оның жанына отырғызды.
Ефестікт. хат 2:4–6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 8 сәу.
2014 ж. 7 сәу.
2014 ж. 6 сәу.
2014 ж. 5 сәу.
2014 ж. 4 сәу.
2014 ж. 3 сәу.
2014 ж. 2 сәу.