Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 10 сәуір, бейсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Қарамаңдаршы маған тесірейе, Бетімді күйдірді күн сәулелері. Ағаларым маған ашуланған еді, Баққызып қойды содан жүзімдіктерді, Сөйтіп күте алмадым өз жүзімдігімді.

Таңдаулы ән 1:5

Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан, Алдауды да ақиқатты айтудан.

Забур жырлары 51:5

Менің саған берген салтанатым көркіңді кемеліне келтіріп, сол туралы даңқың халықтардың арасына кең жайылды», — дейді Жаратушы Тәңір Ие.

Езекиел 16:14

Мұны көрген Шимон Петір Исаның аяғына жығылып: — Ием, қасымнан кете көріңіз, мен күнәкар адаммын! — деді.

Лұқа 5:8

(Күйеу жігіт:) Неткен сұлу едің, сүйіктім менің! Қандай көріктісің, қымбаттым, өзің! Бет пердеңнің артындағы бота көзің Тартымды-ау көзіндей көгершіннің! Ғилақад тау беткейімен түсіп келген Ешкі отарындай шашың төгілген.

Таңдаулы ән 4:1

Сондықтан бұрынғы айтқандарыма өкініп, қатты қайғырып күл-топырақта отырмын.

Әйүп 42:6

Қымбаттым, сен тұтастай әдемісің, Жоқ тұла бойыңда ешқандай мінің!

Таңдаулы ән 4:7

Осылай мен байқаған заңдылық мынау: жақсылық жасағым келсе де, бойымдағы жаман құмарлық қарсы тұрады.

Римдіктерге хат 7:21

Міне, біреулер Оған сал болып ауырған бір адамды төсегімен көтеріп алып келді. Иса олардың сенімдерін көріп, сал адамға: «Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді.

Матай 9:2

Менің бойымда, яғни ескі күнәкар болмысымда, жақсылық жоқ екенін білемін; сондықтан да жақсылық жасағым келсе де, оны жүзеге асыратын күшім жоқ.

Римдіктерге хат 7:18

Сендер Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани игіліктерге толықтай ие болдыңдар. Ол күллі билік пен өктемдікке басшылық етеді.

Қолостықт. хат 2:10

Мәсіх туралы хабарды біз барлық адамдарға жеткізіп, бәріне де ескертіп, барынша даналықпен тәлім беріп келеміз. Осылай әрбір жанды Мәсіхпен тығыз байланыста, толық кемелденген түрде Құдай алдына әкелуге талаптанудамыз.

Қолостықт. хат 1:28

Бұрын кейбіреулерің сондай болдыңдар. Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар.

Қорынттықт. 1-хат 6:11

Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!

Петірдің 1-хаты 2:9

Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады.

Тімотеге 2-хат 3:12

Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздерін) жүзеге асыруға келдім: «Өз ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады. Адамның дұшпаны өз үй іші болады».

Матай 10:35–36

Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады.

Жақыптың хаты 4:4

Осы күнәлі дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ. Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған.

Жоханның 1-хаты 2:15–16

Күнәкар дүние сендерді жек көрсе, оның сендерден бұрын Мені жек көргенін біліңдер. Егер де осы дүниелік болсаңдар, ол сендерді өз адамдары ретінде жақсы көрер еді. Бірақ осы дүниелік емессіңдер, керісінше, Мен сендерді күнәкар дүниенің ішінен таңдап, айырып алдым. Сондықтан да ол сендерді жек көреді. Мына айтқан сөзім естеріңде болсын: «қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес». Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды. Олар Менің сөзімді ұстанды ма, жоқ, ендеше сендердің сөздеріңді де ұстанбайтын болады.

Жохан 15:18–20

Бұларға Сенің хабарыңды білдірдім. Күнәкар дүние оларды жек көріп келеді, себебі Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да сондай емес.

Жохан 17:14

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 9 сәу.

    Ишая 43:1 · Ишая 54:4–5

  • 2014 ж. 8 сәу.

    Қорынттықт. 1-хат 1:5 · Римдіктерге хат 5:6

  • 2014 ж. 7 сәу.

    Қорынттықт. 2-хат 6:10 · Римдіктерге хат 5:2–3

  • 2014 ж. 6 сәу.

    Еврейлерге хат 7:25 · Римдіктерге хат 8:34

  • 2014 ж. 5 сәу.

    Жаратылыстың баст. 32:26 · Ишая 27:5

  • 2014 ж. 4 сәу.

    Аян 1:17 · Еврейлерге хат 12:18

  • 2014 ж. 3 сәу.

    Петірдің 2-хаты 3:8–9 · Ишая 55:8–11