Сөзуар құтыла алмас күнәдан, Ал ақылды өз аузына ие болған.
Нақыл сөздер 10:19
Күнделікті нұр
Сөзуар құтыла алмас күнәдан, Ал ақылды өз аузына ие болған.
Нақыл сөздер 10:19
Ал енді, сүйікті бауырластарым, мынаны ескеріңдер: «Әркім тыңдауға жүйрік, ал сөйлеуге шабан, ашулануға баяу болсын».
Жақыптың хаты 1:19
Қуатты жасақшыдан сабырлы жан артық, Қаланы басып алғаннан ұстамды жан артық.
Нақыл сөздер 16:32
Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол — денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам.
Жақыптың хаты 3:2
Сол кезде сендер айтқан сөздеріңе сай не ақталатын, не айыпталатын боласыңдар.
Матай 12:37
Рухым қажығанда Сен білесің жолымды, Ал маған байқатпай жауларым торлар құрды.
Забур жырлары 141:3
Ол сендерді сол үшін де шақырды. Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек.
Петірдің 1-хаты 2:21
Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.
Петірдің 1-хаты 2:23
Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!
Еврейлерге хат 12:3
ауыздарынан арам сөз шықпайтын, олар мінсіз.
Аян 14:5
Күллі жер Жаратқан Иені қастерлесін, Әлемнің бар халқы Оны құрметтесін,
Забур жырлары 32:8
Сен тұратын қасиетті үйіңді, Ұлылығың мекендейтін орынды Сондай сүйемін, уа, Жаратқан Ие. Күнәкарлармен бірге жанымды алма, Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.
Забур жырлары 25:8–9
Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады.
Жохан 10:9
Иса оған: — Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды.
Жохан 14:6
Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты. Ол, сондай-ақ, ұлы Діни қызметкеріміз ретінде бүкіл Құдай үйінің үстінен қарайды. Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық. (Мәсіхтің төгілген қаны) жүректерімізге «бүркіліп», ар-ұжданымыз күнә атаулыдан арылған әрі денеміз таза сумен жуылған болсын.
Еврейлерге хат 10:19–22
Ендеше Жаратқан Иені мойындап, Оны жақыннан танып білуге жан сала ұмтылайық! Ертеңгісін таң атпай қоймайтынындай, Жаратқан Иенің келуі де сондай шүбәсіз. Ол бізге игілікті нөсердей, жерді суға қандыратын көктемгі жаңбырдай сөзсіз келетін болады».
Ошия 6:3
Арам қылықтары қолдарын былғайды, Пара алып, беруден олар бас тартпайды.
Забур жырлары 25:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 10 сәу.
2014 ж. 9 сәу.
2014 ж. 8 сәу.
2014 ж. 7 сәу.
2014 ж. 6 сәу.
2014 ж. 5 сәу.
2014 ж. 4 сәу.