Дұрыстап ақылға келіңдер: күнә жасауды доғарыңдар! Кейбіреулерің Құдайды әлі де танымайсыңдар. Мұны сендер ұялсын деп айтып отырмын.
Қорынттықт. 1-хат 15:34
Күнделікті нұр
Дұрыстап ақылға келіңдер: күнә жасауды доғарыңдар! Кейбіреулерің Құдайды әлі де танымайсыңдар. Мұны сендер ұялсын деп айтып отырмын.
Қорынттықт. 1-хат 15:34
бәрің де жарықта және күнде жүресіңдер ғой. Біз түндікі және түнектікі болмағандықтан, басқаларға ұқсап ұйықтап қалмай, сергек те салауатты жүрейік!
Салониқал. 1-хат 5:5–6
Осыны іске асырыңдар, себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр. Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:11–12
Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар.
Ефестікт. хат 6:13
Істеп келген барлық зұлым қылықтарыңды тастап, жаңа жүрек пен жаңа рухты иемденіңдер! Әйтпесе сендерге өліп не бар, уа, Исраил халқы?
Езекиел 18:31
Ендеше, өздеріңде қалған барлық арамдық пен жамандық атаулыны тастаңдар, жүректеріңе себіліп жатқан Ізгі хабарды кішіпейілділікпен қабылдаңдар! Ол сендерді күнәнің құлдығынан құтқара алады.
Жақыптың хаты 1:21
Ал енді, балаларым менің, Мәсіхпен тығыз байланыста қала беріңдер! Сонда Ол қайтып келгенде нық сеніміміз болып, Оның алдында ұятқа қалмаймыз. Құдайдың әділ екенін білесіңдер, сондықтан әділдік істейтін әркімнің рухани мағынада Құдайдан туғанын ұғасыңдар.
Жоханның 1-хаты 2:28–29
Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді.
Жохан 10:27
Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады.
Аян 3:20
Ұйықтап жатып, жүрегім сергек еді. Тыңда, сүйіктім қағып тұр есігімді: «Ашсаңшы есікті, қымбаттым менің, Сүйген жарым, кемелді көгершінім! — Деді ол маған, — шықтан су болды басым, Түннің ылғалынан бұйра шашым!»
Таңдаулы ән 5:2
Есікті ашсам, сүйіктім жоқ екен, Кері бұрылып, кетіп қалған екен! Кеткеніне жүрегім лүпіл қаққан, Іздеп шықсам да, таппадым еш жақтан! Шақырсам да, жауап бермеді маған.
Таңдаулы ән 5:6
Бұдан кейін Жаратқан Ие тағы да оның қасына келіп, бұрынғыша: — Самуил, Самуил! — деп шақырды. Бала: — Айта гөр, пендең тыңдап тұр, — деп жауап берді.
Патшалықтар 1-ж. 3:10
Сол жерге келгенде Иса ағашта отырған Зақайға қарап: — Зақай, тез төмен түс! Бүгін Мен сенің үйіңде болуым керек, — деді. Ол тез төмен түсіп, Исаны қуана қарсы алды.
Лұқа 19:5–6
Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлері Арасында жоқ Сендей бірде-біреуі! Сенің жасаған кереметтерің іспетті Жоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері.
Забур жырлары 85:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 10 мам.
2014 ж. 9 мам.
2014 ж. 8 мам.
2014 ж. 7 мам.
2014 ж. 6 мам.
2014 ж. 5 мам.
2014 ж. 4 мам.