Қандай бақытты даналықты тапқан адам, Ақыл-парасатты иемденген әрбір жан!
Нақыл сөздер 3:13
Күнделікті нұр
Қандай бақытты даналықты тапқан адам, Ақыл-парасатты иемденген әрбір жан!
Нақыл сөздер 3:13
Өйткені мені тапқан шынайы өмір табады, Жаратқан Иенің ризашылығын алады.
Нақыл сөздер 8:35
Жаратқан Ие мынаны да айтады: Дана даналығымен, мықты мықтылығымен, бай байлығымен мақтанбасын! Ал кім мақтанғысы келсе, тек Менің Жаратқан Ие екенімді және жер бетінде рақым, әділет пен әділдікті жүзеге асыратынымды біліп-түсінетінімен мақтансын! Себебі Мен осылардан рақат табамын. Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін.
Еремия 9:23–24
Даналықтың бастауы — Жаратқан Иені Терең қастерлеп, Оған мойынсұну, Һәм ақыл-парасат — Киелі Құдайды Және Оның еркін жақыннан тану.
Нақыл сөздер 9:10
Алайда осы «артықшылықтарымды» Мәсіхке бола залал деп санай бастадым. Иә, мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Иеме бола бұлардың бәрінен айырылдым, оларды түкке тұрғысыз сыпырынды деп санаймын да. Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі.
Філіпілікт. хат 3:7–8
Ал Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы жатыр.
Қолостықт. хат 2:3
Менде ақыл-кеңес бар, адал сана, Иемін парасат, күш-қуатқа да.
Нақыл сөздер 8:14
Тәңір Иенің істегені арқылы сендер Иса Мәсіхпен тығыз байланысқа келдіңдер. Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп, бізді Ол арқылы ақтап, Өзінің қасиетті халқы қылып, күнәнің құлдығынан құтқарды.
Қорынттықт. 1-хат 1:30
Әділ жанның жемісі өмір сыйлар ағашқа ұқсар, Зерделі жан адамдарды әділдікке тартар.
Нақыл сөздер 11:30
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 19 қыр.
2014 ж. 18 қыр.
2014 ж. 17 қыр.
2014 ж. 16 қыр.
2014 ж. 15 қыр.
2014 ж. 14 қыр.
2014 ж. 13 қыр.

Рухтың жемісі
Жаратылыста Құдай ағаштардан шыққан жемістерді «тағам үшін» деп арнайы айтқан. Оның бағынбаушылығы арқылы…

Құдайдан қорқу
Кресттегі ұрының дінге келуін зерттеңіз, Құдайдан қорқу оның жүрегін қалай өзгерткеніне және оны соңғы…

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…

Мейірім
Иса Мәсіх Құдайдың сүйіспеншілігі мен мақсатын ашып, рақым мен ақиқатты әкелді. Ол жеке адамдардың…

Басқарушылық
Христиандық садақа берудің рухани себептері мен пайдаларын зерттеңіз, оның Құдайды қалай даңқтайтынын…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…