Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім, Ефрем руы болады басты қорғаным, Яһуда руынан шығады патшаларым.
Забур жырлары 59:9
Күнделікті нұр
Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім, Ефрем руы болады басты қорғаным, Яһуда руынан шығады патшаларым.
Забур жырлары 59:9
Жаратқан — жартастай берік қорғаным, Мені қауіп-қатерден құтқарушым, Құдайым — сенім артқан шың құзым, Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым, Әрі биік таудағыдай баспанам, Мені құтқарады зорлық-зомбылықтан!
Патшалықтар 2-ж. 22:2–3
Жаратқанның даусы от-жалын шашады,
Забур жырлары 28:7
Осылай батыстағылар мен шығыстағылар да Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның салтанатты ұлылығына қайран қалады. Өйткені Жаратқан Иенің дауылы су тасқынын қатты айдағандай, Өзі де тездете аттанып келеді.
Ишая 59:19
Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.
Еврейлерге хат 13:6
(Дәуіттің жыры.) Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием, Жартастай берік қорғанымсың Сен, Бас тарта көрме маған жауап беруден. Егер де тіл қатып жауап бермесең, Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.
Забур жырлары 27:1
Езуіміз жиылмады күлкіден, Аузымыздан үзілмеді шаттық ән. Басқа ұлт адамдары өзара былай десті: «Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»
Забур жырлары 125:2
Қаскүнемдік ойластырып, құрайды, «Мүлтіксіз жоспар құрдық» деп ойлайды. Адамның жан дүниесі — түпсіз тұңғиық, Жүрек түкпірлері пендеге жабық.
Забур жырлары 63:7
«Күнәмді айтқым келмеп еді, Сонда аяқ-қолым сырқырай берді, Ыңқылдап жүрдім күні бойы.
Забур жырлары 31:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 14 қаз.
2014 ж. 13 қаз.
2014 ж. 12 қаз.
2014 ж. 11 қаз.
2014 ж. 10 қаз.
2014 ж. 9 қаз.
2014 ж. 8 қаз.

Құтқарылу
Руттың Құдайға адал шешімі кедейліктен батаға қалай әкелгенін, Мәсіхтің біздің Туысқан-Құтқарушымыз ретінде…

Неке
Құдай мәсіхші күйеулер мен әкелерге беретін жеті міндетті, соның ішінде басшылық ету, сүю және адал болуды…

Қанағат
Материализмді жеңіп, Мәсіхте шынайы қанағат табуды үйреніңіз. Исаға назар аудару және басқаларды сүю мәңгілік…

Басқарушылық
Христиандық садақа берудің рухани себептері мен пайдаларын зерттеңіз, оның Құдайды қалай даңқтайтынын…

Құдай Патшалығы
Құдай Патшалығының қазіргі және болашақ жағдайын түсініңіз. Мәсіхшілердің қажылар ретінде қалай өмір сүруге…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…