(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Құдай, мадақтап келемін Сені, Тіл қатпай, үнсіз қала көрме енді.
Забур жырлары 108:1
Күнделікті нұр
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Құдай, мадақтап келемін Сені, Тіл қатпай, үнсіз қала көрме енді.
Забур жырлары 108:1
(Дәуіттің жыры.) Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием, Жартастай берік қорғанымсың Сен, Бас тарта көрме маған жауап беруден. Егер де тіл қатып жауап бермесең, Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.
Забур жырлары 27:1
Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.
Ишая 26:3
Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар, Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар. Оларды әміршілермен бірге отырғызар, Халқының көсемдерімен жайғастырар.
Забур жырлары 112:7–8
Сиынып тұрамын Алла Тағалаға, Маған игілік жасаушы Құдайға.
Забур жырлары 56:3
Иеміздің істерін олар елемейді, Оның жаратқандарын құрметтемейді, Сондықтан Ол соларды талқандайды, Енді қайтып оларды көтермейді. Жаратқан Ие мақталсын әрқашан! Құлақ асты Ол даусыма жалынған.
Забур жырлары 27:5–6
Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды. Оның билігі мәңгілік бола берсін! Аумин.
Петірдің 1-хаты 5:10–11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 21 қаз.
2014 ж. 20 қаз.
2014 ж. 19 қаз.
2014 ж. 18 қаз.
2014 ж. 17 қаз.
2014 ж. 16 қаз.
2014 ж. 15 қаз.

Бейбітшілік
Өмірдің ең үлкен қысымдары мен азаптары кезінде де Құдайда қалай толық тыныштық пен мызғымас сенім табуға…
Аянды жазған елші Жоханға: «Сен көрген нәрселерді, қазіргі нәрселерді және бұдан кейін болатын нәрселерді…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Мұса заңы
Заңның мақсатын, оның шектеулерін және христиандардың неліктен оның айыптауының астында емес екенін түсініңіз.

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Жігерсіздік
Рухани әлсіздікті жеңу және Құдайдың күші мен қатысуы арқылы күшіңізді жаңарту үшін алты библиялық қадамды…