Әділетті жолмен жүре беремін, Ақиқат жолынан ешбір таймаймын.
Нақыл сөздер 8:20
Күнделікті нұр
Әділетті жолмен жүре беремін, Ақиқат жолынан ешбір таймаймын.
Нақыл сөздер 8:20
Тәңір Ие тағы былай деді: — Тыңдаңдар. Мен сендерді жолда қорғап, Өзім дайындаған жерге алып баратын періштені алдарыңнан жіберіп отырмын.
Мысырдан шығу 23:20
Олар азап шеккен кездің бәрінде Жаратқан Ие бірге азап шекті, Өзінің қасындағы періштесі Таңдаған халқын қорғап-қоршап жүрді. Құдайымыз сүйіспеншілігімен Және мол қайырымдылығымен Халқын құтқарып алып, бүкіл өткен Заманда Қамқоршысы болып келген.
Ишая 63:9
Сен әсемсің күллі адам баласынан, Мейірімді сөз ағылады аузыңнан, Құдай Сені мәңгілікке жарылқаған.
Забур жырлары 44:3
Шұрайлы сайға түскен мал сияқты Халқына Жаратқан Иенің Рухы Сыйлады тыныштық пен амандықты». О, Құдай, осылай халқыңды Өзіңнің Ежелгі замандарда бастап жүрдің, Осы бір құдіретті істеріңмен Мәңгілік өшпейтін даңққа кенелдің.
Ишая 63:14
Ал мен мол рақымыңның арқасында Өзіңнің киелі үйіңе кіремін, Қасиетті ғибадатханаңның алдында Өзіңді терең қастерлеп бас иемін.
Забур жырлары 5:8
Қыңыр ұлттарды Сен елден қуып шықтың, Ал бабаларымызды орнықтырдың. Сол тайпаларды Сен езіп тастадың, Ал бабаларымызды азат қылдың. Бабалар елді семсерімен басып алған жоқ, Әрі білек күштерімен жеңіп шықкан жоқ, Мұны істеген — Сенің ұлы құдіретің, Һәм бет-жүзіңнің нұры: Сен рақым көрсеттің.
Забур жырлары 43:3–4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 10 қар.
2014 ж. 9 қар.
2014 ж. 8 қар.
2014 ж. 7 қар.
2014 ж. 6 қар.
2014 ж. 5 қар.
2014 ж. 4 қар.

Пайғамбарлық
Захария 12-14-ті зерттеу: Исраилдің болашақ өкініші, тесілген Мәсіхті тануы және Оның мыңжылдық патшалығының…

Пайғамбарлық
Киелі кітап келе жатқан бір әлемдік шіркеу туралы не айтады? Киелі жазбаның Шіркеу, діннен безіну және соңғы…

Пальма жексенбі
Пальма жексенбісінің мағынасын және Израильдің Исаны қабылдамауын түсініңіз. Бұл мақала Пурим оқиғасын және…

Рухани өсу
Қиын тауға өрмелеу христиандық өмірді қалай көрсететінін біліңіз. Құдаймен бірге сенім сапарыңызда бір…

Құтқарылу
Кішкентай қыз өліп бара жатқан анасына құтқарылу табуға көмектесу үшін уағызшы іздейді. Әйел де, уағызшы да…

Мұса заңы
Заңның мақсатын, оның шектеулерін және христиандардың неліктен оның айыптауының астында емес екенін түсініңіз.