Асыға гөр маған көмек беруге, Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Забур жырлары 37:23–24
Күнделікті нұр
Асыға гөр маған көмек беруге, Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Забур жырлары 37:23–24
Жаратқанды шын қастерлеу — берік сүйеніш, Әрі келер ұрпақ та бас сауғалар қорғаныш.
Нақыл сөздер 14:26
Жаратқан Ие таңдап алған халқына былай дейді: «Мен Өзім сені жұбатып, сүйенішің боламын. Қалай сен ажалды пендеден шошынып, адам баласынан қорқасың? Ол солып қалатын шөп секілді өткінші емес пе? Ал өзіңді жаратқан Мені, Жасаған Иені, ұмытып келесің! Мен әуел баста аспан кеңістігін жайып жіберіп, жердің негізін салғанда шексіз құдіретімді көрсеткен едім. Неліктен сен өзіңе зорлық-зомбылық жасаған жауыңның қаһарынан күн ұзағына үрейің ұшып қорқасың? Рас, ол сені қырып-жоймақшы болды. Ал қазір сол қанаушыңның қаһары қайда?!
Ишая 51:12–13
Адамдардан қорықпа. Мен саған жар болып, өзіңді аман сақтаймын. Мен, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. —
Еремия 1:8
Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.
Заңды қайталау 31:6
Теңіздің суларын Ол жинап, шек қойды, Түпсіз мұхитты «қоймаларына» құйды.
Забур жырлары 32:7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2014 ж. 13 қар.
2014 ж. 12 қар.
2014 ж. 11 қар.
2014 ж. 10 қар.
2014 ж. 9 қар.
2014 ж. 8 қар.
2014 ж. 7 қар.

Сынақтар
Құдайдың рақымы Иеремия мен Асафты қалай қолдағаны сияқты, сенушілерді сынақтар мен қуғын-сүргін арқылы қалай…

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…

Құтқарылу
Рухани күмәннің себептерін зерттеп, Құдайдың мол рақымы мен Мәсіхтің аяқталған ісі арқылы құтқарылудың шынайы…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…

Рождество
Рождество Мәсіхтің күнәкарларды құтқаруға келгенін еске салады. Ол мінсіз өмір сүрді, күнәлар үшін өлді және…