Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады.
Жохан 5:26
Күнделікті нұр
Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады.
Жохан 5:26
Ал Иса оған: — Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді. Бұған сенесің бе? — деді.
Жохан 11:25–26
Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді.
Жохан 1:4
Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды.
Жохан 1:12–13
Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды. Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар.
Жохан 6:63
Себебі Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір! Құдайдың сөзі бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткен іспетті, жүрегіміздің түкпіріндегі ой-ниетімізді де әшкерелеп, бағалайды.
Еврейлерге хат 4:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 12 ақп.
2015 ж. 11 ақп.
2015 ж. 10 ақп.
2015 ж. 9 ақп.
2015 ж. 8 ақп.
2015 ж. 7 ақп.
2015 ж. 6 ақп.

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Рухани өсу
1 Жохан 2:12-14-те сипатталған мәсіхшілік өсудің үш кезеңін – балалық шақ, жастық шақ және ересектік шақты…

Мәңгілік өмір
Ескі Өсиетте мәңгілік өмір екі рет қана айтылады. Бірінші рет «Өрлеу әндерінде» немесе «Дәреже әндерінде»…

Өлім
Некрологиялық қызметтердің имандылар үшін Киелі кітап принциптеріне сәйкес келетінін біліңіз. Еске алу…

Магдалалық Мәриям
Мәриям Магдалинаның шынайы тарихын ашыңыз, жалпы мифтерді жоққа шығарыңыз және оның Исаның тірілуінің алғашқы…