Сол қаладағы заттардың бәрі қарғысқа ұшыраған, солардың ешқайсысын алушы болмаңдар! Сонда Жаратқан Ие Өзінің лаулаған қаһарынан қайтады. Ол сендерге рақымы мен мейірімін көрсетіп, ата-бабаларыңа антпен уәде еткеніндей, сендерді де молынан көбейтеді.
Заңды қайталау 13:17
Жаратқан Ие мынаны айтады: Сондықтан олардың арасынан шығыңдар! Олардан бөлек тұрыңдар, арам нәрселеріне мүлдем жоламаңдар! Сонда Мен сендерді қабылдаймын.
Қорынттықт. 2-хат 6:17
Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар!
Петірдің 1-хаты 2:11
Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз. Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.
Жоханның 1-хаты 3:2–3
Өйткені Құдайдың бүкіл адамзатқа құтқарылуды ұсынатын рақымы анық білінді. Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды. Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады. Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Титке хат 2:11–14