Уа, Құдай, мені құтқаруға асыға гөр, О, Жаратқан, тездетіп көмекке келе гөр!
Забур жырлары 69:2
Күнделікті нұр
Уа, Құдай, мені құтқаруға асыға гөр, О, Жаратқан, тездетіп көмекке келе гөр!
Забур жырлары 69:2
Су ағыны асып кетті сонда басымнан, Мен: «Құрыдым енді!» деп түңіліп ойлағам. Атыңды сенің терең құдық түбінен Уа, Жаратқан Ием, атап шақырдым мен. «Құлағыңды көмек сұраған үнімнен Жаппашы!» деген жалынышымды естідің Сен. Солай шақырғанымда жақындап келдің, «Еш қорықпа!» деп мені жігерлендірдің.
Жоқтау 3:54–57
Осылай бұлар Құдайға үміт артсын, Оның кереметтерін есте сақтасын, Әрі өсиеттерін нық орындасын. Олар бабаларындай істеп жүрмесін: Бас көтергіш қыңыр ұрпақ бола көрмесін, Жүректерін Құдайға арнаудан безбесін, Ой-ниеттері Құдайға сенімсіз болмасын. Ефремнің ұрпақтары садақпен қаруланған, Ал шайқасар күні кері бұрылып қашқан, Құдайдың Келісімін сақтамаған, Таурат заңын ұстанудан бас тартқан, Құдайдың ежелгі істерін ұмытқан: Ғажап кереметтерін Ол жасаған
Забур жырлары 77:7–11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 15 сәу.
2015 ж. 14 сәу.
2015 ж. 13 сәу.
2015 ж. 12 сәу.
2015 ж. 11 сәу.
2015 ж. 10 сәу.
2015 ж. 9 сәу.

Рухани тәртіп
Киелі жазбаларды оқу, медитация және дұға арқылы Құдаймен күнделікті тыныш уақытты қалай орнатуға және…

Жігерсіздік
Рухани әлсіздікті жеңу және Құдайдың күші мен қатысуы арқылы күшіңізді жаңарту үшін алты библиялық қадамды…
Даңқтау
Өміріңіз арқылы Құдайды ұлықтау нені білдіретінін біліңіз. Мәсіхтің үлгісінен және Пауылдың Құдайдың даңқын…

Христология
Мәсіхтің Ескі Өсиетте типтер, пайғамбарлықтар және символдар арқылы қалай ашылғанын зерттеңіз. Таныс оқиғалар…

Құдайдың рақымы
Самсонның өмірін, оның Құдайлық шақыруы мен назарит антынан бастап, азғырулармен күресіне және сенімнің соңғы…

Рождество
Бұл өлең Иса Мәсіхтің туылуы, өмірі және өлімі туралы терең сұрақтарды зерттейді, орындалған…