Ели: — Құдай саған не деді? Оны менен жасырма. Егер де Құдайдың өзіңе білдіргендерін түгелдей айтпай, бір нәрсесін жасырып қалсаң, Ол сені жазалаған үстіне жазалай бермек, — деді.
Патшалықтар 1-ж. 3:17
Күнделікті нұр
Ели: — Құдай саған не деді? Оны менен жасырма. Егер де Құдайдың өзіңе білдіргендерін түгелдей айтпай, бір нәрсесін жасырып қалсаң, Ол сені жазалаған үстіне жазалай бермек, — деді.
Патшалықтар 1-ж. 3:17
— Уа, адам, Жаратқан Ие саған ненің игілікті екенін білдірген еді. Ол сенен нені талап етеді? Әділ істер істеп, мейірімділікті ұнатуыңды, әрі сиынатын Құдайыңмен тығыз байланыста болып кішіпейіл жүруіңді талап етеді емес пе?!
Миха 6:8
әрі Жаратқан Иенің өсиеттері мен ережелерін жүзеге асыруыңды. Бұларды бүгін сендерге өз игіліктерің үшін тапсырып отырмын.
Заңды қайталау 10:13
Ал өздерінің Таурат заңын ұстанғандарына сүйенушілердің бәріне қарғыс тиеді! Сол туралы мынадай сөздер жазылған: Таурат заңының кітабындағы барлық ережелерді сақтап орындамағанды қарғыс атады! Ендеше Таурат заңын орындаған ешкімнің сол арқылы Құдай алдында ақтала алмайтыны анық. Өйткені «сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмірге ие болады».
Ғалаттықт. хат 3:10–11
Онда Таурат заңының атқаратын қызметі қандай? Ол күнәларды әшкерелеу үшін қосымша ретінде берілді. Тәңірдің уәдесі Ыбырайымның Ұрпағы Мәсіхке байланысты; Ол келгенше, Таурат заңы күшінде тұрды. Періштелер мұны халыққа арада жүрген Мұса пайғамбар арқылы жеткізген еді.
Ғалаттықт. хат 3:19
Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған. Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады.
Еврейлерге хат 1:1–2
оған: — Бар да жат. Егер сені қайтадан шақырса, онда: «Уа, Ием, айта гөр, пендең тыңдап тұр» деп жауап бер, — деді. Самуил төсегіне барып жатты.
Патшалықтар 1-ж. 3:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 5 қаз.
Забур жырлары 50:15
2015 ж. 4 қаз.
Мысырдан шығу 34:29
2015 ж. 3 қаз.
Аян 1:5
2015 ж. 2 қаз.
Леуіліктер 16:22
2015 ж. 1 қаз.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
2015 ж. 30 қыр.
Әйүп 23:10
2015 ж. 29 қыр.
Жоханның 1-хаты 3:16

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Рождество
Бұл Рождестволық өлең Исаның Бетлехемде туылғанда оған орын болмағанын және бүгінде көптеген адамдар оны әлі…

Дұға
Исаның Гетсеманияда қолданған «Әке Әке» сөзінің терең мағынасын зерттеңіз, ол Құдаймен кемел сенім мен жақын…

Шомылдыру рәсімі
«Мейірім мен Ақиқат» журналы сұрайды: Адамды Әкенің, Ұлдың және Киелі Рухтың атымен емес, Иса Мәсіхтің атымен…

Рухани өсу
Қиын тауға өрмелеу христиандық өмірді қалай көрсететінін біліңіз. Құдаймен бірге сенім сапарыңызда бір…