(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Құдай, мадақтап келемін Сені, Тіл қатпай, үнсіз қала көрме енді.
Забур жырлары 108:1
Күнтізбе
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Құдай, мадақтап келемін Сені, Тіл қатпай, үнсіз қала көрме енді.
Забур жырлары 108:1
(Дәуіттің жыры.) Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием, Жартастай берік қорғанымсың Сен, Бас тарта көрме маған жауап беруден. Егер де тіл қатып жауап бермесең, Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.
Забур жырлары 27:1
Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.
Ишая 26:3
Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар, Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар. Оларды әміршілермен бірге отырғызар, Халқының көсемдерімен жайғастырар.
Забур жырлары 112:7–8
Сиынып тұрамын Алла Тағалаға, Маған игілік жасаушы Құдайға.
Забур жырлары 56:3
Иеміздің істерін олар елемейді, Оның жаратқандарын құрметтемейді, Сондықтан Ол соларды талқандайды, Енді қайтып оларды көтермейді. Жаратқан Ие мақталсын әрқашан! Құлақ асты Ол даусыма жалынған.
Забур жырлары 27:5–6
Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды. Оның билігі мәңгілік бола берсін! Аумин.
Петірдің 1-хаты 5:10–11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 21 қаз.
Жохан 1:16
2015 ж. 20 қаз.
Римдіктерге хат 7:22
2015 ж. 19 қаз.
Нақыл сөздер 3:26
2015 ж. 18 қаз.
Жохан 19:34
2015 ж. 17 қаз.
Забур жырлары 89:16
2015 ж. 16 қаз.
Римдіктерге хат 12:11
2015 ж. 15 қаз.
Забур жырлары 59:9

Қамқорлық
Естердің күшті оқиғасы мен оның Құдайлық тағайындалуы арқылы Құдайдың құдіреті, кездейсоқтық емес, біздің…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Дұға
Күнә – адам заңын бұзу ғана емес, ол Құдайға қарсылық. Үкіметсіз біз Израиль судьяларының күндеріндегідей…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Мәсіхтегі жеке тұлға
Сенушілер, Құдай Сөзі арқылы Мәсіхтегі шынайы тұлғаңызды ашыңыз. Сіз қайта туылғансыз, Жұмақтың азаматысыз…

Құтқарылу
«Мейірім мен ақиқат» журналы – бұл Ізгі хабарға апта сайын, апта сайын, ерекше, ерекше көзқарас. Ізгі хабарға…