Солар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім.
Жохан 17:22
Күнтізбе
Солар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім.
Жохан 17:22
Ұзиях патша қайтыс болған жылы мен аса дәріптелген, заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін алып жатты. Тәңір Иені айналдыра оттай жалындаған періштелер қызмет етіп тұрды. Әрқайсысында алты қанаттан болды, солардың екеуімен бетін, тағы екеуімен денесін жауып, қалған екеуімен ұшатын. Жалындаған періштелер бір-біріне дауыстап: «Әлемнің Иесі киелі, қасиетті, қастерлі! Бүкіл дүние Оның салтанатты ұлылығына кенелген!» — десіп тұрды.
Ишая 6:1–3
Ишая пайғамбар Иеміздің салтанатты ұлылығын көргендіктен, Ол туралы осылай деп алдын ала айтып кеткен еді.
Жохан 12:41
Сол кеңістіктің жоғарғы жағында саф көк асыл тастан жасалған таққа ұқсас бір нәрсе тұрды, ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды.
Езекиел 1:26
Оның айналасындағы жарқыраған нұр жаңбырлы күні бұлттарда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсас еді.
Езекиел 1:28
Сонда Мұса: — Ендеше маған Сенің нұрлы салтанатыңды көрсете гөр, — деп өтінді.
Мысырдан шығу 33:18
Бірақ бет-жүзімді көруіңе болмайды, өйткені оны көрген пенде тірі қалмайды. —
Мысырдан шығу 33:20
Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.
Жохан 1:18
Жаратылыстың басталуында қараңғылықтан нұрдың жарқырауын бұйырған Құдай жан дүниемізді де жарқыратып, бізді Иса Мәсіхтің бетінен көрінетін Өзінің салтанатты ұлылығын білуіміз арқылы нұрландырды.
Қорынттықт. 2-хат 4:6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 26 қар.
Ишая 62:4
2015 ж. 25 қар.
Римдіктерге хат 6:18
2015 ж. 24 қар.
Лұқа 8:21
2015 ж. 23 қар.
Нақыл сөздер 1:33
2015 ж. 22 қар.
Яһуданың хаты 20
2015 ж. 21 қар.
Жохан 6:37
2015 ж. 20 қар.
Миха 7:8

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Шәкірттік
Андрей мен Філіптің қарама-қайшы сенімін зерттеңіз, Исамен терең, жеке танысу өмірді қалай өзгертетінін және…

Бірлік
Мәсіхтің ойы сенушілер арасында қалай күшті бірлік жасайтынын біліңіз. Ертедегі шіркеудің қауымдастық пен…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Мәңгілік өмір
Киелі жазбаларға сәйкес мәңгілік өмірдің шынайы мағынасын ашыңыз. Бұл тек ұзақтық емес, Исаны жеке тану және…

Төзімділік
Мәсіхшілер дұшпандарын сүюге және төзімді болуға шақырылады, сонымен қатар жалған ілімдер мен ауыр күнәларға…