Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!
Матай 10:28
Күнтізбе
Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!
Матай 10:28
Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің!
Ишая 43:1
Мен Жаратқан Иемін, Менен басқа Құтқарушы жоқ!
Ишая 43:11
Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын!
Ишая 43:25
Көк сонда Оның әділдігін паш етеді, Себебі соттайтын — Құдайдың Өзі. «Тыңда Мені, Исраил халқым, былай деймін: Саған қарсы куәлік келтіремін, Мен Құдаймын, иә, сенің Құдайыңмын! Шалған малдарың үшін шағым айтпаймын, Өртеп ұсынған құрбандықтарыңа қараймын.
Забур жырлары 49:6–8
онда ол: «Оны көрге түсуден аман сақтап қала гөр! Оның жанының құнын өтейтін төлемді таптым!» деп мейірім көрсететін болады.
Әйүп 33:24
Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар.
Ефестікт. хат 2:4–5
Исадан басқа ешкім де бізді (Құдайдың қаһарынан) құтқара алмайды! Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған!
Елшіл. істері 4:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2016 ж. 21 сәу.
Філіпілікт. хат 4:1
2016 ж. 20 сәу.
Заңды қайталау 13:17
2016 ж. 19 сәу.
Жохан 10:7
2016 ж. 18 сәу.
Заңды қайталау 18:18
2016 ж. 17 сәу.
Забур жырлары 50:23
2016 ж. 16 сәу.
Забур жырлары 31:22
2016 ж. 15 сәу.
Еремия 50:34

Киелі Рух
Жохан 7:39: Киелі Рух берілмес бұрын Мәсіхтің даңқталуы неліктен қажет болды? ЖАУАП: Өзін біздің…

Шәкірттік
Исаның сіз үшін не істегенін, не істеп жатқанын және не істейтінін зерттеңіз. Оны толық сүю және басқаларға…

Ізгі хабар тарату
Мұсылмандармен Мәсіхті бөлісудің Киелі кітап принциптерін үйреніңіз. Сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен…

Шәкірттік
Мәсіхтің Матай 11:28-30-дағы қызметке арналған үш қадамдық жоспарын ашыңыз. Қалай тыныштық табуға, Оның…

Ізгі хабар тарату
Іс-әрекеттер, көзқарастар және әңгімелер арқылы күнделікті өміріңізде Мәсіх үшін қалай куәгер болу керектігін…

Мәңгілік өмір
Ескі Өсиетте мәңгілік өмір екі рет қана айтылады. Бірінші рет «Өрлеу әндерінде» немесе «Дәреже әндерінде»…