Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын, Уа, қыздары Иерусалим қаласының. Қидардағы шатырлардай қара торымын, Сүлейменнің қара перделеріне ұқсаймын. (Қалыңдық:)
Таңдаулы ән 1:4
Күнтізбе
Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын, Уа, қыздары Иерусалим қаласының. Қидардағы шатырлардай қара торымын, Сүлейменнің қара перделеріне ұқсаймын. (Қалыңдық:)
Таңдаулы ән 1:4
Ежелде Жаратқан Ие бізге аян беріп былай деген еді: «Саған деген сүйіспеншілігім мәңгілік, берік мейіріміммен сені Өзіме баурап келемін.
Еремия 31:3
Мен оларды ыңғайлы ноқтамен, сүйіспеншіліктің арқанымен жетелеп жүрдім. Мойынтұрықтарын мойындарынан шешіп алып тастап, оларды тамақтандыру үшін еңкейетін де едім.
Ошия 11:4
Ал Мені жерден көтеріп қойғаннан кейін, адамдардың бәрін Өзім арқылы құтқарылуға шақырамын, — деді.
Жохан 12:32
Ол қастарынан өтіп бара жатқан Исаны көріп: «Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген Тоқтысы!» — деді.
Жохан 1:36
Мұса пайғамбар айдалада мыс жыланды жоғары көтеріп қойған. Дәл солай көктен келген Билеуші де көтеріліп қойылуға тиіс. Сонда Оған сенуші әркім мәңгілік өмірге ие болады.
Жохан 3:14–15
Біз сүйеміз, себебі Ол бізді алдымен сүйді.
Жоханның 1-хаты 4:19
Тіл қатып маған былай деді сүйіктім: Тұршы, жаным, бірге жүрші, сүйкімдім! Қарашы, қыстың кезі өтіп кетті, Жаңбыр жауған сол бір күндер өтті. Айнала гүлдер қаулап өсіп кеткен, Құстардың әндетер кезі де келген, Кептер гуілі естіледі әр жерден. Інжірдің алғашқы жемісі пісуде, Жүзім де гүл шашып, хош иіс беруде, Орныңнан тұршы енді, қарашығым, Далаға шығайық, уа, ғашық жарым!
Таңдаулы ән 2:10–13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2016 ж. 16 сәу.
Забур жырлары 31:22
2016 ж. 15 сәу.
Еремия 50:34
2016 ж. 14 сәу.
Забур жырлары 63:5–6
2016 ж. 13 сәу.
Нақыл сөздер 3:9
2016 ж. 12 сәу.
Римдіктерге хат 8:3
2016 ж. 11 сәу.
Нақыл сөздер 10:19
2016 ж. 10 сәу.
Таңдаулы ән 1:5

Құлшылық
Киелі шатыр сенушілердің Мәсіх арқылы Құдайдың алдына қалай кіретінін көрсетеді. Әрбір элементтің рухпен және…

Сенім
Киелі кітапта сенімдегі, қандағы және уәделердегі "қымбатты" дегеннің нені білдіретінін зерттеңіз. Сынақтар…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…

Мәсіхшілік өмір
Сүлейменнің жырынан Мәсіхтің сенушілерге, оның шіркеуіне және еврей қалдығына деген сүйіспеншілігінің өсіп…

Христология
«Толықтай сүйкімді» деген еврей сөзінің мағынасын зерттеп, неліктен Мәсіх қана адам жүрегінің әрбір қалауын…

Даналық
Жақыптың 3-5 тарауларын зерттеңіз: Құдайшыл даналық, Құдаймен достық және Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты…