Жасы ұлғайса да, жемісін береді, Шырынды, ширақ болып қала береді,
Забур жырлары 91:15
Күнтізбе
Жасы ұлғайса да, жемісін береді, Шырынды, ширақ болып қала береді,
Забур жырлары 91:15
Сол түні Құдай Сүлейменге аян беріп: — Өзіңе не сыйлағанымды қаласаң, соны сұра, — деді. Сүлеймен Құдайға былай деп жауап берді: — Сен әкем марқұмға зор рақымыңды көрсете отырып, маған оның орнын бастырып патшалық құрғыздың.
Шежірелер 2-ж. 1:7–8
маған осы халықтың лайықты басқарушысы болуға даналық пен білім сыйлай гөр. Онсыз Сенің осыншама көп халқыңа дұрыстап билік жүргізу ешкімнің де қолынан келмейтін іс. —
Шежірелер 2-ж. 1:10
Құдай Сүлейменге орасан зор даналық пен түсінік дарытып, теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай мол білім сыйлады.
Патшалықтар 3-ж. 4:29
Аса Құдай Иесіне дауыстап сиынып былай деді: «Уа, Жаратқан Ие, әлсізді мықтыдан қолдап-қорғайтын құдірет жалғыз Сенде ғана! О, Құдайымыз — Жаратқан Ие, бізді қолдай гөр! Біз Саған сенім артамыз, Сенің атыңмен осы қарақұрым тобырға қарсы аттанып шықтық. Уа, Жаратқан Ие, Сен біздің Құдайымызсың! Пенденің Өзіңнен басым болуына жол бере көрме!» Сонда Жаратқан Ие Асаның және Яһуда жасағының көз алдында құштық Зарахтың жасақшыларына соққы берді. Содан олар қаша жөнелді.
Шежірелер 2-ж. 14:11–12
Оның есімін дәріптеп жырлаңдар, Зор ұлылығының даңқын шығарыңдар!
Забур жырлары 65:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2016 ж. 15 сәу.
Еремия 50:34
2016 ж. 14 сәу.
Забур жырлары 63:5–6
2016 ж. 13 сәу.
Нақыл сөздер 3:9
2016 ж. 12 сәу.
Римдіктерге хат 8:3
2016 ж. 11 сәу.
Нақыл сөздер 10:19
2016 ж. 10 сәу.
Таңдаулы ән 1:5
2016 ж. 9 сәу.
Ишая 43:1

Жігерсіздік
Рухани әлсіздікті жеңу және Құдайдың күші мен қатысуы арқылы күшіңізді жаңарту үшін алты библиялық қадамды…
Өміріңіз арқылы Құдайды ұлықтау нені білдіретінін біліңіз. Мәсіхтің үлгісінен және Пауылдың Құдайдың даңқын…

Мәсіх
Иса Мәсіхтің туылуын, өлімін, қайта тірілуін және Иеміздің Майланғаны ретіндегі мәңгілік билігін пайғамбарлық…

Христология
Мәсіхтің Ескі Өсиетте типтер, пайғамбарлықтар және символдар арқылы қалай ашылғанын зерттеңіз. Таныс оқиғалар…

Сабырлық
Құдай мектебінде Иемізді күту арқылы шыдамдылықты үйреніңіз. Өмірдің қиындықтары кезінде сыртқы жағдайларға…

Сенім
Еврейлерге хаттағы «жақсырақ нәрселерді» ашыңыз: жақсырақ зат, ел, тірілу және Құдай сенушілер үшін…