Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
Қолостықт. хат 4:6
Күнтізбе
Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер.
Қолостықт. хат 4:6
Орнымен айтылған сөз күміс табаққа Салынған алтын алмадай тамаша. Тыңдайтын құлаққа дананың әшкересі Алтын сырға мен саф алтын әшекей іспетті.
Нақыл сөздер 25:11–12
Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін.
Ефестікт. хат 4:29
Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып шығады, ал зұлым адам арам жан дүниесінен арамдық алып шығады.
Матай 12:35
Сол кезде сендер айтқан сөздеріңе сай не ақталатын, не айыпталатын боласыңдар.
Матай 12:37
Мылжың өз тілімен семсердей шағар, Дана өз тілімен жанның жарасын сауықтырар.
Нақыл сөздер 12:18
Содан соң Жаратқан Иені терең қастерлеушілер өзара сөйлесіп, Жаратқан Ие оларды ден қойып тыңдады. Сонда бұлар туралы Оның алдындағы естелік кітапқа жазылды. Сол кітапқа Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның есімін құрметтейтіндер тіркелген.
Малахи 3:16
Сонда Жаратқан Ие маған мынаны айтты: — Егер айтқандарыңа өкініп, Маған қайтып келсең ғана, сені Өзіме қызметшім етіп қайтадан қабылдаймын. Пайдасыз емес, асыл сөз сөйлесең ғана, Менің хабаршым боласың. Сен халыққа емес, халық саған бет бұрсын!
Еремия 15:19
Сенім, Құдайдың хабарын уағыздау, түсінік, барлық іске де ынта-жігер және бізге деген сүйіспеншіліктерің — бұлардың бәрі сендерде ағыл-тегіл мол. Дәл сол сияқты осы игілікті істі де молынан атқарыңдар.
Қорынттықт. 2-хат 8:7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 5 шіл.
Жоханның 1-хаты 4:16
2016 ж. 4 шіл.
Жохан 13:23
2016 ж. 3 шіл.
Римдіктерге хат 8:17
2016 ж. 2 шіл.
Мысырдан шығу 12:43
2016 ж. 1 шіл.
Ғалаттықт. хат 5:22
2016 ж. 30 мау.
Аян 3:19
2016 ж. 29 мау.
Жоханның 1-хаты 5:3

Жүрек
Көзқарастарды түсіну, сынақтарды қабылдау және Құдай Сөзін қолдану арқылы таза жүректі қалай дамытуға және…

Шәкірттік
Баланың алғашқы қадамдары маңызды кезеңді білдіреді және ата-аналар оны қуанышпен бақылайды. Христиан…

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Күнә
Тазалыққа шақыратын Киелі кітаптың үндеуін зерттеңіз, оның маңыздылығын Ескі өсиеттің бұйрықтарынан Жаңа…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…