Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға бастап алып барды.
Матай 4:1
Күнтізбе
Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға бастап алып барды.
Матай 4:1
Сонымен қатар Мәсіх жер бетінде жүргенде Өзін өлімнен құтқаруға құдіреті жететін Әкесіне қатты дауыстап сиынып, көз жасын төгіп жалбарынды. Мәсіх Әкесін терең қастерлегендіктен мінажаты қабыл болды. Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді. Жүктелген тапсырмасын толық орындап шыққан Ол Өзіне мойынсұнғандардың барлығы үшін мәңгілік құтқарылуға жол ашты.
Еврейлерге хат 5:7–9
Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.
Еврейлерге хат 4:15
Сендер әлі күнге дейін қатты сыналған жоқсыңдар, еліктірген жағдайлар әдетте адамдардың бастарына түсіп жүргендегідей ғана болып келді. Ал Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді.
Қорынттықт. 1-хат 10:13
Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 6 шіл.
Қолостықт. хат 4:6
2016 ж. 5 шіл.
Жоханның 1-хаты 4:16
2016 ж. 4 шіл.
Жохан 13:23
2016 ж. 3 шіл.
Римдіктерге хат 8:17
2016 ж. 2 шіл.
Мысырдан шығу 12:43
2016 ж. 1 шіл.
Ғалаттықт. хат 5:22
2016 ж. 30 мау.
Аян 3:19

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Өтеу
Еврейлерге 9:22 Құдайдың Һабылдың қан құрбандығын неліктен қабылдап, Қабылдың құрбандығын қабылдамағанын…

Иса Мәсіх
Барлық басқа ұлылық ұсақтықпен бүлінген, деп жазады «Грейс энд Трут» журналы. Иса Мәсіх – ол туралы дөрекі…

Құтқарылу
Иса Мәсіхтің туылуы мен мінсіз өмірі құтқарылу үшін жеткіліксіз болды. Оның айқыштағы өлімі күнә үшін төлеуге…

Шәкірттік
Исаның сіз үшін не істегенін, не істеп жатқанын және не істейтінін зерттеңіз. Оны толық сүю және басқаларға…

Ізгі хабар тарату
Мұсылмандармен Мәсіхті бөлісудің Киелі кітап принциптерін үйреніңіз. Сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен…