Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:9
Күнтізбе
Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:9
Ей, мықты жан, қылмысыңа неге мақтанасың, Әйтсе де Құдай маған төгеді рақымын. Ұзақты күн сен құрту жайлы ойланасың. Өткір ұстарадай тіледі сенің тілің, Өтірікті айтуға шеберсің өзің,
Забур жырлары 51:3–4
Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді.
Лұқа 15:20
Әділетсіз істеріңді тұмандай сейілттім, Күнәларыңды жел айдаған бұлттай жоқ еттім, Енді теріс жолыңнан қайтып, бет бұр Өзіме! Мен қамқоршың болып құтқарып, кешірдім!»
Ишая 44:22
Балаларым менің, Исаның құрбандығы арқасында күнәларың кешірілгендіктен сендерге осыны жазып отырмын.
Жоханның 1-хаты 2:12
Қайта, бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!
Ефестікт. хат 4:32
Ал қазіргі заманда Ол Өзінің әділдігін осылай дәлелдейді: Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.
Римдіктерге хат 3:26
Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын. Сендерді барлық арамдықтарыңнан әрі табынып келген тәңірсымақтарыңның бәрінен арылтамын.
Езекиел 36:25
Дегенмен Сардтағы сендердің араларыңда арамданбаған бірқатарың бар. Олар аппақ киім киіп, Менімен бірге жүретін болады. Себебі олар соған лайық.
Аян 3:4
Иса Мәсіх бізге келгенде сумен шомылдыру рәсімін де, жанын қиып, қанын төгуді де басынан өткізді. Ол келгенде тек сумен шомылдыру рәсімінен өтіп қана қойған жоқ, жанын қиып, қанын төкті де. Киелі Рух бұған куә, себебі Киелі Рух — шындық.
Жоханның 1-хаты 5:6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 7 шіл.
Матай 4:1
2016 ж. 6 шіл.
Қолостықт. хат 4:6
2016 ж. 5 шіл.
Жоханның 1-хаты 4:16
2016 ж. 4 шіл.
Жохан 13:23
2016 ж. 3 шіл.
Римдіктерге хат 8:17
2016 ж. 2 шіл.
Мысырдан шығу 12:43
2016 ж. 1 шіл.
Ғалаттықт. хат 5:22

Күнә
Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…

Ізгі хабар тарату
Мұсылмандармен Мәсіхті бөлісудің Киелі кітап принциптерін үйреніңіз. Сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Иса Мәсіх
Мәсіхтің сенімді қатысуы өмірдің хаосының ортасында, тіпті Ол жоқ сияқты көрінсе де, қалай тыныштық…

Рухани өсу
Құдайдың өмір дауылдарын біздің сенімімізді жетілдіру және Оның қатысуы мен тыныштығы арқылы бізді жоғары…