Менің әулетімді Құдай бекіткен, Мәңгі Келісім жасады Ол менімен Барлық жағынан да толық реттелген. Құдай бұл уәдесін нақты бекіткен, Әлде Ол мені ұдайы қорғамай ма, Бар жүрек қалауымды сыйламай ма?
Патшалықтар 2-ж. 23:5
Күнтізбе
Менің әулетімді Құдай бекіткен, Мәңгі Келісім жасады Ол менімен Барлық жағынан да толық реттелген. Құдай бұл уәдесін нақты бекіткен, Әлде Ол мені ұдайы қорғамай ма, Бар жүрек қалауымды сыйламай ма?
Патшалықтар 2-ж. 23:5
Сол себептен мен осындай азап көріп жатырмын. Ал соған еш ұялмаймын, себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдай мадақталсын! Ол бізді Мәсіх арқылы жарылқап, көктегі әр қилы рухани игіліктерді сыйлады. Құдай бізді Өзінің алдында қасиетті де мінсіз халқы болып жүрсін деп, әлемді жаратпастан бұрын Мәсіхтің құрбандығына бола сүйіспеншілікпен таңдаған еді. Ол бізді Иса Мәсіхтің арқасында рухани балалары етуге алдын ала белгілеп қойды; Оның ізгі еркі осы болған.
Ефестікт. хат 1:3–5
Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды. Құдай алдын ала білетін біздерді Өзінің рухани Ұлының үлгісіне ұқсасын, осылайша рухани Ұлы көптеген бауырластарының арасындағы тұңғышы іспетті аса қадірлі болсын деп бұрыннан белгілеп қойған еді. Құдай кімдерді бұрыннан белгілеп қойса, соларды шақырып алды, шақырып алғандарын ақтап та алды, ақтап алғандарына ұлылық та сыйлады.
Римдіктерге хат 8:28–30
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 13 там.
Еврейлерге хат 11:16
2016 ж. 12 там.
Жоқтау 3:31–32
2016 ж. 11 там.
Еврейлерге хат 2:14
2016 ж. 10 там.
Жохан 17:15
2016 ж. 9 там.
Таңдаулы ән 4:7
2016 ж. 8 там.
Нақыл сөздер 4:18
2016 ж. 7 там.
Жохан 14:26

Қуаныш
Құдай Сөзімен үнемі айналысу арқылы рухани жолыңызда жоғалған қуанышты қалай қайтаруға болатынын біліңіз.

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…

Иса Мәсіх
«Інжіл» сөзінің мағынасы «жақсы хабар» немесе «қуанышты хабар» дегенді білдіреді. Бұл сөз әдетте төрт Інжілге…

Шәкірттік
Пауылдың Тімөтеге екінші хаты христиандық қызметте, тіпті көңілсіздікке, қиындыққа және қарсылыққа тап…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Ақталу
Ақталу нені білдіретінін біліңіз: Құдай сенушілерді Иса Мәсіхке деген сенім арқылы әділ деп жариялайды. Бұл…