Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз. Кедей болсақ та, көптеген адамдарды байытамыз. Ештеңеміз жоқ болғанмен, бәріне де иеміз.
Қорынттықт. 2-хат 6:10
Күнтізбе
Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз. Кедей болсақ та, көптеген адамдарды байытамыз. Ештеңеміз жоқ болғанмен, бәріне де иеміз.
Қорынттықт. 2-хат 6:10
Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығын жақсы білесіңдер: Ол сондай бай бола тұра, сендердің рухани баюларың үшін бәрінен бас тартып, жоқшылыққа ұшырады!
Қорынттықт. 2-хат 8:9
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1:16
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
Філіпілікт. хат 4:19
Ал сендерді бүкіл игілікке молынан кенелтуге Құдайдың құдіреті жетеді! Сонда әрдайым, қандай жағдайда да қажеттеріңнің бәрімен қамтамасыз етіліп, әр қилы игі істерді молынан жасай аласыңдар.
Қорынттықт. 2-хат 9:8
Сүйікті бауырластарым, ден қойып тыңдаңдаршы! Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімдері арқылы рухани бай болуға, әрі өз Патшалығына кіріп, үлес алуға таңдаған жоқ па еді? Осы Патшалығын Ол Өзін сүйетіндерге аманаттауға уәде етті ғой.
Жақыптың хаты 2:5
Бауырластар, Құдай сендерді шақырғанда өздеріңнің кім болғандарыңа назар аударыңдаршы: табиғи тұрғыдан қарағанда араларыңда даналар, билік иелері, асыл туғандар көп емес еді. Бірақ осы дүние кімдерді «ақымақ» деп санаса, Құдай «данышпан-ақылгөй» делінгендерді ұялту үшін соларды таңдап алды. Және осы дүние «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады.
Қорынттықт. 1-хат 1:26–27
Біз осы рухани қазынаны сақтайтын қарапайым қыш құмыралар іспеттіміз. Осылайша ондағы шексіз зор құдіреттің өзімізден емес, Құдайдан екені анық болып тұр.
Қорынттықт. 2-хат 4:7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2016 ж. 19 қыр.
Петірдің 1-хаты 5:10
2016 ж. 18 қыр.
Забур жырлары 119:18
2016 ж. 17 қыр.
Матай 12:20
2016 ж. 16 қыр.
Нақыл сөздер 21:2
2016 ж. 15 қыр.
Римдіктерге хат 6:14–15
2016 ж. 14 қыр.
Ишая 51:12
2016 ж. 13 қыр.
Жохан 7:37

Рухтың жемісі
Жаратылыста Құдай ағаштардан шыққан жемістерді «тағам үшін» деп арнайы айтқан. Оның бағынбаушылығы арқылы…

Құдайдан қорқу
Кресттегі ұрының дінге келуін зерттеңіз, Құдайдан қорқу оның жүрегін қалай өзгерткеніне және оны соңғы…

Сенім
Жакыптың хатын зерттеңіз, бұл сөзді тек естушілер емес, орындаушылар болуға шақыратын ояту. Шынайы сенімнің…

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Ізгі хабар
«Інжіл» сөзінің мағынасы «жақсы хабар» немесе «қуанышты хабар» дегенді білдіреді. Бұл сөз әдетте тек төрт…