Сүйіктілерің лайым аман сақталсын Деп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын.
Забур жырлары 107:7
Күнтізбе

Сүйіктілерің лайым аман сақталсын Деп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын.
Забур жырлары 107:7
Ол халыққа ұшырасты айдалада, Жел ысқырып, құлазыған маң далада, Оның қамын ойлап, жан-жақтан қоршады, Көзінің қарасындай сақтап қорғады, Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған, Балапандары үстінен қалықтаған, Олар үшін қанаттарын кең жайған, Қауырсын қанатымен тасыған. Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады, Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады.
Заңды қайталау 32:10–12
Сендер қартайған шақта да Мен өзгермеймін, шаштарың ағарған кезде де қолдай беремін. Сендерді жаратқан едім, бұдан былай да көтеріп жүремін. Мен ауыртпалықтарыңа төзіп, құтқарып қорғай беремін.
Ишая 46:4
Жаратқанның тауына кімнің шығуына болады, Оның киелі орнында кімнің тұруына болады? Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады, Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.
Забур жырлары 23:3–4
Мен, Жаратқан Ие, сендерді әрқашан жетелеп жүремін, шөл далада да қажеттеріңмен қамтамасыз етіп, денелеріңе қуат беремін. Осылай сендер суы мол баққа, ешқашан сарқылмайтын бұлаққа ұқсайтын боласыңдар.
Ишая 58:11
Міне, бұл — ақымақтың жүрер жолдары, Сөздерін қолдайды ізбасарлары.
Забур жырлары 48:14
Біліп қойыңыз, Құдай зор құдіретімен ұлы істер істейді. Ол сияқты ұстаз болар ешкім жоқ!
Әйүп 36:22
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 2 қаң.
Ишая 42:10
2017 ж. 1 қаң.
Філіпілікт. хат 3:13–14
2016 ж. 31 жел.
Заңды қайталау 1:31
2016 ж. 30 жел.
Қорынттықт. 1-хат 1:8
2016 ж. 29 жел.
Ефестікт. хат 5:17
2016 ж. 28 жел.
Марқа 2:5
2016 ж. 27 жел.
Қорынттықт. 2-хат 4:18

Қуаныш
Құдай Сөзімен үнемі айналысу арқылы рухани жолыңызда жоғалған қуанышты қалай қайтаруға болатынын біліңіз.

Күнә
Мәсіхшілер күнә жасағанда, олардың Құдаймен қарым-қатынасы қауіпсіз болады, бірақ қарым-қатынас үзіледі…

Адалдық
Сенім жолы Құдайдың өткендегі адалдығын, жеке дінге келуден бастап сынақтар арқылы басшылығын есте сақтауды…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Даналық
Жақыптың 3-5 тарауларын зерттеңіз: Құдайшыл даналық, Құдаймен достық және Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты…

Сенім
Еврейлерге хаттағы «жақсырақ нәрселерді» ашыңыз: жақсырақ зат, ел, тірілу және Құдай сенушілер үшін…