Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады.
Жохан 15:2
Күнтізбе

Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады.
Жохан 15:2
Бірақ Оның келетін сол күніне кім төзе алады? Ол келіп, ашық көрінген күні кім берік тұра алатын болады? Себебі Ол күмісті балқытып тазалайтын зергердің оты әрі мата ағартушының сілтісі сияқты әрекет етпек. Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады.
Малахи 3:2–3
Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді. Бұл үміт алдамшы қиял емес, өйткені бізге сыйлаған Киелі Рухы арқылы Құдай жүрегімізді Өзінің сүйіспеншілігіне кенелтті.
Римдіктерге 5:3–5
Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың.
Еврейлерге 12:7–8
Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді. Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер!
Еврейлерге 12:11–12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 20 қаң.
Ишая 9:6
2017 ж. 19 қаң.
Елшіл. істері 20:19
2017 ж. 18 қаң.
Римдіктерге 5:14
2017 ж. 17 қаң.
Ишая 38:17
2017 ж. 16 қаң.
Қолостықт. хат 1:19
2017 ж. 15 қаң.
Забур жырлары 119:25
2017 ж. 14 қаң.
Жохан 14:28
Иса Мәсіх
Ишая: Қойлар — енжар жаратылыстар және өздері үшін аз нәрсе істей алады, дәл сенушілердің құтқарылу…
Мәсіхшілер дұшпандарын сүюге және төзімді болуға шақырылады, сонымен қатар жалған ілімдер мен ауыр күнәларға…
Шәкірттік
Жақсы болу ізгі болумен бірдей емес. Исаның неге әрдайым жақсы болмағанын, бірақ әрдайым ізгі болғанын және…

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…