Сөйтіп, Мәсіхтің Өзін де, Оны қайта тірілткен құдіретті де жақыннан танып білуге құштармын. Мәсіхтің азаптарына ортақтасып, Оның өз жанын мен үшін өлімге қиғанындай, мен де Ол үшін өмірімді қиғым келеді.
Філіпілікт. хат 3:10
Күнтізбе

Сөйтіп, Мәсіхтің Өзін де, Оны қайта тірілткен құдіретті де жақыннан танып білуге құштармын. Мәсіхтің азаптарына ортақтасып, Оның өз жанын мен үшін өлімге қиғанындай, мен де Ол үшін өмірімді қиғым келеді.
Філіпілікт. хат 3:10
Шәкірті ұстазына, қызметшісі қожайынына ұқсаса, соған қанағат тұтсын. Жұрт «үйдің Иесін» белзебүл (шайтан) деп атаса, оның үй ішіне одан бетер жаман ат тақпай ма?
Матай 10:25
Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз.
Ишая 53:3
Мен бұларды сендер Менімен тығыз байланыста тұрып, тыныштыққа кенелсін деп айттым. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!
Жохан 16:33
Егер де осы дүниелік болсаңдар, ол сендерді өз адамдары ретінде жақсы көрер еді. Бірақ осы дүниелік емессіңдер, керісінше, Мен сендерді күнәкар дүниенің ішінен таңдап, айырып алдым. Сондықтан да ол сендерді жек көреді.
Жохан 15:19
Иса оған: — Түлкінің іні бар, құстың ұясы бар, ал көктен келген Билеушінің бас тірейтін тұрағы да жоқ, — деп жауап берді.
Матай 8:20
Осы күнәкар дүниеде біз тұратын мәңгілік қала жоқ, қайта, көктегі келешек қаланы аңсап күтудеміз.
Еврейлерге 13:14
Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық! Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.
Еврейлерге 12:1–2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 13 мам.
Тимотейге 1 2:8
2017 ж. 12 мам.
Жохан 1 4:7
2017 ж. 11 мам.
Қорынттықт. 1-хат 15:34
2017 ж. 10 мам.
Жохан 1 3:8
2017 ж. 9 мам.
Еврейлерге 11:1
2017 ж. 8 мам.
Ишая 53:10
2017 ж. 7 мам.
Матай 24:6

Құдай Патшалығы
Құдай Патшалығының қазіргі және болашақ жағдайын түсініңіз. Мәсіхшілердің қажылар ретінде қалай өмір сүруге…
Дәуіт пен Голиат туралы оқиға (1 Сам. 17) Киелі кітаптағы ең танымал оқиғалардың бірі болып табылады. Ол…
Жұмақ
Жұмақ – жаратылыстағы материалдық орын емес, Құдай мекендейтін рухани әлем. Киелі кітаптың үшінші жұмақ…
Пайғамбарлық
Киелі жазбадағы пайғамбарлық қолданылуы мен орындалуы арасындағы маңызды айырмашылықты біліңіз. Еврей…
Күнә
Құдайдың күнә үшін белгілеген шекаралары мен салдарлары, Көне Өсиеттен Мәсіхтің құрбандығына дейін, қатал…

Рухани өсу
Құдайдың өмір дауылдарын біздің сенімімізді жетілдіру және Оның қатысуы мен тыныштығы арқылы бізді жоғары…