Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды.
Римдіктерге 4:20
Күнтізбе

Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды.
Римдіктерге 4:20
Иса жауап беріп шәкірттеріне былай деді: — Құдайға сеніңдер! Сендерге шындығын айтайын: біреу мына тауға «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» деп, айтқан сөзінің іске асатынына жүрегінде еш күмәнданбай сенсе, сол өтініші орындалады. Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайға сиынып (Оның еркіне сай) не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ.
Марқа 11:22–24
Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Құдайға келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс.
Еврейлерге 11:6
17-Ыбырайым сенімі сыналғанда Құдайға нық сенгендіктен Ысқақты құрбандыққа ұсынды. Ол туралы «сенің ұрпағың Ысқақтан тарайтын болады» деген уәде алғанымен, Ыбырайым жалғыз ұлын құрбан етуге дайын болды. Ыбырайым Құдай баламды өлімнен қайта тірілтуге де құдіретті деп есептеді; астарлап айтқанда, ол баласын өлімнен қайтарып алды да.
Еврейлерге 11:17–19
Осылай ол Тәңірдің өз уәдесін орындай алатынына қалтқысыз сеніп, Оған құрмет көрсетті.
Римдіктерге 4:21
Жаратқан Ие істей алмайтын тым қиын іс бар ма? Мен белгілі кезде: келесі жылы осы уақытта саған тағы да келемін. Сол кезде Сараның ұлы болады! — деп уәдесін бекітті.
Жаратылыстың баст. 18:14
Иса оларға қарап: — Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан бәрі де келеді, — деп жауап берді.
Матай 19:26
Сонда елшілері Иеміз Исадан: — Сенімімізді арттыра көріңіз, — деп өтінді.
Лұқа 17:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2017 ж. 23 шіл.
Қорынттықт. 1-хат 15:24
2017 ж. 22 шіл.
Римдіктерге 6:10
2017 ж. 21 шіл.
Римдіктерге 3:1–2
2017 ж. 20 шіл.
Жохан 17:16
2017 ж. 19 шіл.
Лұқа 1:49
2017 ж. 18 шіл.
Жохан 10:3
2017 ж. 17 шіл.
Жүніс 4:2

Құдайдың егемендігі
Құдай білім ағашын бағыну сынағы ретінде, қателік емес, көз алдына қойды.

Қайғы
Әйүп кітабынан азап туралы түсініктерді зерттеңіз. Әйүптің тәжірибесі Құдайды және біздің сынақтарымызды…

Кереметтер
Өлімнен тірілген адам туралы вирустық видеоның мәлімдемелерін талдау, оны тірілу, жұмақ және тозақ туралы…

Рухани өсу
Құдайдың өмір дауылдарын біздің сенімімізді жетілдіру және Оның қатысуы мен тыныштығы арқылы бізді жоғары…

Рухани соғыс
Киелі жазбаларға сүйене отырып, мәсіхшінің жауы Шайтан туралы біліңіз. Оның есімдерін, әрекеттерін және…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…