Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады.
Жаратылыстың баст. 15:6
Күнтізбе

Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады.
Жаратылыстың баст. 15:6
Қайта, Ыбырайым Құдайдың уәдесіне күмәнданбай, Оған деген сенімінен қуат алды. Осылай ол Тәңірдің өз уәдесін орындай алатынына қалтқысыз сеніп, Оған құрмет көрсетті. Сондықтан да «Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады» деп жазылған. «Жаратқан Ие оны ақтады» деген сөз Ыбырайымға ғана емес, бізге де қатысты: біз Иеміз Исаны қайта тірілткен Құдайға деген сеніміміз арқылы ақталамыз.
Римдіктерге 4:20–24
Құдай Ыбырайым мен оның ұрпақтарына жер бетін иемденулері жайында уәде берді. Бұл уәде Ыбырайымға заңды ұстанғаны үшін емес, (Жаратқан Ие сөзінде тұрады деген) сенімі арқылы ақталғаны үшін берілді.
Римдіктерге 4:13
Себебі Құдайдың адамдарды ақтау жолы мынадан білінеді: ол басынан аяғына дейін сенімді қажет етеді. Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер бар ғой: Сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмір сүреді.
Римдіктерге 1:17
Мойындаған үмітімізді үзбей, берік ұстанайық, себебі уәде берген Құдай сөзіне адал.
Еврейлерге 10:23
Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын Қалай ғана Өзіне қайтара аламын?
Забур жырлары 115:3
Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас! —
Лұқа 1:37
Жаратқан Иеге сенген сен бақыттысың, Оның саған айтқаны жүзеге аспақ!
Лұқа 1:45
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2018 ж. 23 нау.
Аян 4:8
2018 ж. 22 нау.
Жаратылыстың баст. 13:10–11
2018 ж. 21 нау.
Аян 3:2
2018 ж. 20 нау.
Забур жырлары 119:130
2018 ж. 19 нау.
Елшіл. істері 3:26
2018 ж. 18 нау.
Ишая 38:14
2018 ж. 17 нау.
Леуіліктер 1:4

Құдай Патшалығы
Менің асырап алған қызым тұрған Сауд Арабиясы Корольдігі – өте ыстық және құрғақ шөлді аймақ, су жеткізуге…

Құдай Патшалығы
Пауыл өз Иесі мен Қожайынының ұлылығы мен даңқты ұлылығын жариялауға батылдық танытты. Әлем сол баталыны…

Рухани соғыс
Киелі жазбаларға сүйене отырып, мәсіхшінің жауы Шайтан туралы біліңіз. Оның есімдерін, әрекеттерін және…

Қайта тірілу
Тек қана Христиандық қайта тірілген Құтқарушымен қарым-қатынасқа негізделген. Лұқа Елшілердің істері 1:1-3-те…

Ақталу
Ақталу нені білдіретінін біліңіз: Құдай сенушілерді Иса Мәсіхке деген сенім арқылы әділ деп жариялайды. Бұл…

Құлшылық
Өрлеу забурларын (120-134), олардың исраилдік қажылар үшін тарихи контекстін және бүгінгі мәсіхшілер үшін…