Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Құдай!
Заңды қайталау 6:4
Күнтізбе

Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Құдай!
Заңды қайталау 6:4
Ал жалғыз біреу іс жүргізетін болса, онда арада жүрушінің керегі жоқ: Ыбырайымға уәдені берген — Құдайдың жеке Өзі!
Ғалаттықт. хат 3:20
Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды, Иеміз оларды қасіреттен құтқарды. Мекендей алатын қалаға оларды Тура жолмен жетелеп бастап барды.
Забур жырлары 106:6–7
Кемелермен теңізге шығатындар, Мұхитты кезіп, сауда жасайтындар
Забур жырлары 106:23
Бұл солай болғандықтан, қымбатты бауырластарым, әрі көктегі Құдай сендерді Өзіне бағыштап, қасиетті болуға басқалармен бірге шақырғандықтан, Мәсіх Исаға берік ден қойыңдар: Ол — Құдайдың Елшісі және Бас діни қызметкері. Оған сенім артқанымызды ашық мойындаймыз. Мұса пайғамбар Құдайдың бүкіл үйіндегі қызметін адал атқарғанындай, Иса да Өзін тағайындаған Құдайға адал болды. Ал салынған үйден гөрі үй салушы көбірек құрметке лайық, сол сияқты Иса да Мұсаға қарағанда әлдеқайда зор құрметке ие.
Еврейлерге 3:1–3
Ал Исаға жер бетіндегі діни қызметкерлердің міндетінен анағұрлым жоғары қызмет тапсырылды. Сол сияқты Ол Құдай мен адамдардың арасындағы бұрынғысынан гөрі жақсы Келісімге жол ашты. Бұл Құдайдың ерекше игілікті уәделеріне негізделген.
Еврейлерге 8:6
Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын».
Еврейлерге 8:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2018 ж. 19 қар.
Матай 7:20
2018 ж. 18 қар.
Ишая 27:8
2018 ж. 17 қар.
Забур жырлары 92:5
2018 ж. 16 қар.
Жохан 17:17
2018 ж. 15 қар.
Қорынттықт. 1-хат 1:9
2018 ж. 14 қар.
Забур жырлары 40:17
2018 ж. 13 қар.
Ефестікт. хат 5:25–26

Сенім
Еврейлерге хаттағы «жақсырақ нәрселерді» ашыңыз: жақсырақ зат, ел, тірілу және Құдай сенушілер үшін…
Шәкірттік
Мәсіхтің сынақтар арқылы өтетін жолын қабылдаңыз. Мәңгілік пайданы, Оның қолдауын және әлемнен құтқарылуды…
Берілу
Құдайға бағыну, Мәсіхке сену және күнәларды мойындау тұрақты тыныштыққа, күшке және қуанышқа толы өмірге…

Даналық
Ер адамның аты Набал, әйелінің аты Абигейл еді. Ол қатыгез әрі істерінде зұлым болды, ал әйелі ақылды әрі…
Израиль
Забур 106 Құдай халқының қайталанған, табанды сәтсіздіктерін баяндайды. Оның істерін ұмыту арқылы олар күнәға…
Құдай сөзі
Жерде «аспан күндерін» бастан кешіріңіз. Құдайдың шындығын жеткізіңіз және рухани өркендеу мен жердегі…