— Мен оларды опасыз мінездерінен сауықтырып, өз мейіріміме сәйкес жақсы көремін. Себебі оларға деген қаһарым қайтты.
Ошия 14:5
Күнтізбе

— Мен оларды опасыз мінездерінен сауықтырып, өз мейіріміме сәйкес жақсы көремін. Себебі оларға деген қаһарым қайтты.
Ошия 14:5
Сондықтан да, бауырластарым, мен сендерге келіп, Құдайдың шынайы хабарын уағыздаған кезде шешен сөздер және дана пікірлер қолданған жоқпын. Сендерге Иса Мәсіх пен Оның айқыштағы құрбандық өлімінен басқа нәрселер туралы айтпауға шешім қабылдаған едім. Араларыңда күш-қуатсыз, дірілдеп, қатты жүрексініп тұрып жаттым. Сөз сөйлеп, уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйендім. Ондағы мақсатым — сенімдеріңнің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіретінің болуы. Дегенмен, біз рухани жетілгендерге даналық туралы хабарды уағыздай береміз. Ал бұл даналық осы күнәкар дүниенікі емес, сондай-ақ, осы дүниелік билеушілердікі де емес; солар — болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз — Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді. Ал Құдай оны біздің ұлылыққа ие болуымыз үшін әлемді жаратпастан бұрын-ақ белгілеп қойған болатын. Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді. Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Сол сияқты, Құдайдың терең ой-мақсаттарын да Оның Киелі Рухынан басқа ешкім білмейді. Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдамайды, соны түсіне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебі оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керек. Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады, бірақ басқалар ондай адамға баға бере алмайды. Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?» (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар.
Қорынттықт. 2-хат 10:1
Ол майысқан таяқты сындырмайды, Бықсыған білтені де сөндірмейді, Шынында әділдікті орындайды.
Ишая 42:3
«Маған Жаратқан Ие Өзінің Рухын қондырды. Ол мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылып, соқырларға көре алатындарын жар салуға жіберді. Жаратқан Ие мені езілгендерді қанаудан азат етуге және Өзінің кешірім беретін мейірімділік жылын жариялауға да жұмсады».
Лұқа 4:18–19
«Сіздер естіген осы сөздер бүгін орындалды», — деп оларға уағыз айта бастады. Бәрі Оған ризалық білдіріп, аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалды. Бұдан кейін олар: — Мынау Жүсіптің Баласы емес пе? — деп өзара сұрасты.
Лұқа 4:21–22
Сонда Иеміз бұрылып, Петірге қарады. Петірдің есіне Иеміздің «Осы түні-ақ әтеш шақырғанша, сен Менен үш рет танасың» деген сөзі түсті. Содан Петір сыртқа шығып, қатты жылады.
Лұқа 22:61–62
Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді.
Ишая 40:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2018 ж. 6 жел.
Філіпілікт. хат 2:13
2018 ж. 5 жел.
Забур жырлары 119:71
2018 ж. 4 жел.
Әйүп 28:12
2018 ж. 3 жел.
Әйүп 5:8
2018 ж. 2 жел.
Жохан 1 2:20
2018 ж. 1 жел.
Ишая 32:2
2018 ж. 30 қар.
Аян 1:4

Мәсіх
Мәсіхтің соңғы Адам және екінші Адам ретіндегі теологиялық маңызын ашып, оны бірінші Адаммен салыстырыңыз.
Жаңа табиғат
Құтқарылу туралы төрт маңызды шындықты зерттеңіз: кешірім, жаңа табиғат, Киелі Рух және Құдаймен қауымдастық.

Құтқарылу
Римдіктерге 8 – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз. Құдай…
Мақсат
Өмірдегі шынайы мақсатымыз — Құдайды даңқтау. Күнә мұны мүмкін емес етеді, бірақ Иса Мәсіхке деген сенім…
Мәсіх
Мәсіхті анықтайтын Ескі Өсиет пайғамбарлықтарын зерттеңіз, Ыбырайымның ұрпағынан бастап Оның Бетлехемде…
Дінге келу
Навахо шопанының адасқан қозыға деген сүйіспеншілігі Құдайдың Иса Мәсіх арқылы адасқан күнәкарларды табанды…