Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздерін) жүзеге асыруға келдім: «Өз ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады. Адамның дұшпаны өз үй іші болады».
Матай 10:35–36
Күнтізбе

Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздерін) жүзеге асыруға келдім: «Өз ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады. Адамның дұшпаны өз үй іші болады».
Матай 10:35–36
Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады.
Жақып 4:4
Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты. Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ. Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады. Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды. Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп: — Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді.
Жохан 1 2:15–16
Күнәкар дүние сендерді жек көрсе, оның сендерден бұрын Мені жек көргенін біліңдер. Егер де осы дүниелік болсаңдар, ол сендерді өз адамдары ретінде жақсы көрер еді. Бірақ осы дүниелік емессіңдер, керісінше, Мен сендерді күнәкар дүниенің ішінен таңдап, айырып алдым. Сондықтан да ол сендерді жек көреді. Мына айтқан сөзім естеріңде болсын: «қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес». Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды. Олар Менің сөзімді ұстанды ма, жоқ, ендеше сендердің сөздеріңді де ұстанбайтын болады.
Жохан 15:18–20
Бұларға Сенің хабарыңды білдірдім. Күнәкар дүние оларды жек көріп келеді, себебі Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да сондай емес.
Жохан 17:14
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2019 ж. 9 сәу.
Ишая 43:1
2019 ж. 8 сәу.
Қорынттықт. 1-хат 1:5
2019 ж. 7 сәу.
Қорынттықт. 2-хат 6:10
2019 ж. 6 сәу.
Еврейлерге 7:25
2019 ж. 5 сәу.
Жаратылыстың баст. 32:26
2019 ж. 4 сәу.
Аян 1:17
2019 ж. 3 сәу.
Петір 2 3:8–9

Айқышқа керілу
Ол б.з.д. 1-ғасырдан бастап б.з. 4-ғасырына дейін жиі қолданылды. Римдіктер айқышқа керген адамдардың нақты…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Қайғы
Әйүптің өлімді жеңуі және Құдайдың сынақтар арқылы көрсеткен нәзік мейірімі туралы ежелгі куәлігін зерттеңіз…

Әділдік
Ескі Өсиеттегі әділ адам Әйүптің өмірін зерттеңіз. Оның үлгілі мінезін және неліктен тек Исаның әділдігі…
Құтқарылу
No one is good enough for heaven on their own. Learn how Jesus Christ's sacrifice cleanses us from sin…
Күнәнің әшкереленуі
Күнәкар жүректің мейірімді Құтқарушыға тартылуының әдемі парадоксын ашыңыз. Лайықсыздық пен Мәсіхке жабысу…