Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік,
Ғалаттықт. хат 5:22
Күнтізбе

Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік,
Ғалаттықт. хат 5:22
Сонымен сүйікті рухани баласы ретінде Құдайдан үлгі алыңдар!
Ефестікт. хат 5:1
Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер! Осылайша көктегі Әкелеріңнің рухани балалары боласыңдар: Ол жамандарға да, жақсыларға да күн сәулесін бірдей түсіріп, әділдерге де, әділетсіздерге де жаңбырды бірдей жауғызады.
Матай 5:44–45
Сонымен көктегі Әкелерің қандай қайырымды болса, сендер де сондай қайырымды болыңдар!
Лұқа 6:36
Ал нұрдағы өмірдің өнімі — нағыз игілік, әділдік, шындық.
Ефестікт. хат 5:9
Алайда Құтқарушы Құдайымыз Өзінің қайырымын және адамзатқа деген зор сүйіспеншілігін айқын көрсеткенде бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты. Құдай бізді Өзінің Киелі Рухына Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің арқасында молынан кенелтті.
Титке 3:4–6
Жат жұрттықтың мүддесін Жаратқан қорғайды, Жетім-жесірлерді де қолдап-қоштайды, Ал зұлымдардың ой-ниетін талқандайды.
Забур жырлары 145:9
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?
Римдіктерге 8:32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2020 ж. 30 мау.
Аян 3:19
2020 ж. 29 мау.
Жохан 1 5:3
2020 ж. 28 мау.
Әйүп 19:25
2020 ж. 27 мау.
Аян 6:17
2020 ж. 26 мау.
Шежірелер 1-ж. 4:10
2020 ж. 25 мау.
Жохан 1 3:2
2020 ж. 24 мау.
Руларды санау 10:33

Өтеу
Мәсіхтің өтелуі христиан дінінің орталығы болып табылады. Мәсіхтің күнә үшін құрбандық өлімінің қажеттілігін…

Беру
Христиандық садақа берудің бес библиялық қағидасын зерттеңіз: жауапкершілік, құпиялылық, жүйелі тәжірибе…
Құдайдың қорғауы
Құдайдан, біздің қалқанымыз және өте үлкен сыйымыздан жұбаныш табыңыз. Оның тұрақты қорғанысын, рухани…

Рухани өсу
Құдайға деген терең шөлдеу толық қанағат пен жемісті иманды өмір әкеледі. Құдайдың қатысуы мен…

Пайғамбарлық
Жақыптың ұлдары Рубенге, Шимонға және Левиге айтқан пайғамбарлық сөздері олардың нәпсіқұмарлық пен…
Мәсіхшілік өмір
Қасиетті Рухтың қызметтерін, соның ішінде мөрлеу, шомылдыру, қайта тудыру және мекендеуді зерттеңіз…