Себебі Менің халқым екі түрлі зұлымдық жасады: олар Мені, «тірі судың қайнар көзін», тастап кетті және өздеріне арнап «құдықтар» қазып алды. Сол «құдықтарының» жырық тесіктері болғандықтан, оларда су сақталмайды.
Еремия 2:13
Күнтізбе

Шыдамды бол Жаратқанның алдында, Шешімін күт сабырмен, еш асықпа! Арам жоспарын іске асырған жанға, Табысқа жеткен зұлымға ашуланба! Ашу-ызаңнан қайт, бас қаһарыңды, Сұмдыққа өршітпесін олар жаныңды. Зұлымдық жасаушылар жойылып кетер, Иемізге сенушілер елді иемденер.
Забур жырлары 36:7–9
Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, былай деймін: Біліп қойыңдар, Маған қызмет ететіндер тойына ішіп-жеп, ал сендер, зұлымдар, ашығып, шөлдейтін боласыңдар! Қызметшілерім шаттанғанда сендер ұятқа қаласыңдар!
Ишая 65:13
Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады. —
Жохан 4:14
Иса бұларды Киелі Рух туралы айтты; Оны Исаға сенгендер кейінірек қабылдады. Құдай Исаның ұлылығын адамдарға әлі білдірмегендіктен, Өзінің Киелі Рухын сенушілерге әлі де қондырмаған еді.
Жохан 7:39
«Ей, шөлдегендер, бәрің су көздеріне келіңдер! Ақшасы жоқтар да, келіп, тамақ алып жеңдер! Иә, келіп, шырын мен сүтті ақша төлемей-ақ тегін алыңдар!
Ишая 55:1
Киелі Рух пен Қалыңдық: «Келе гөр!» — деп шақырады. Мұны естіген әркім де «Келе гөр!» десін. Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!
Аян 22:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2021 ж. 4 қыр.
Рут 3:18
2021 ж. 3 қыр.
Мысырдан шығу 13:7
2021 ж. 2 қыр.
Забур жырлары 27:14
2021 ж. 1 қыр.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
2021 ж. 31 там.
Римдіктерге 5:16
2021 ж. 30 там.
Естер 5:2
2021 ж. 29 там.
Нақыл сөздер 16:20
Мәсіхшілік өмір
Қасиетті Рухтың қызметтерін, соның ішінде мөрлеу, шомылдыру, қайта тудыру және мекендеуді зерттеңіз…

Адалдық
Дәуіттің Құдайға деген жүрегін және қасиеттіліктің мағынасын зерттеңіз. Имандылардың барлығын Мәсіхке қалай…
Азғыру
Иеміз Иса Мәсіх жиі азғырылды, оны көптеген әртүрлі адамдар: заңгерлер, фарисейлер, саддукейлер, заңгерлер…
Әділдік
Елші Пауыл Римдегі оқырмандарына өзінің негізгі тезисін ұсынды. Бұл Құдайдың ізгі хабары мен Оның құтқару…
Кішіпейілділік
Құдайдың еркіне бағынудың және қарсылықты кек қайтармай қабылдаудың Мәсіхтің кемел үлгісінен үйрену арқылы…
Құлшылық
Иса шынайы ғибадаттың бос ырым-жырымдар немесе физикалық ғибадатханалар емес, рух пен ақиқатта екенін ашады…