екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды.
Ефестікт. хат 2:18
Күнтізбе

екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды.
Ефестікт. хат 2:18
Мен бұлармен тығыз байланыстамын, Сен де Менімен солайсың. Маған сенетіндер толық бірлікке жетсін! Осылайша Өзіңнің Мені жібергеніңе әрі Мені қалай сүйсең, оларды да солай сүйетініңе адамзаттың көзі жетсін.
Жохан 17:23
Менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да, орындаймын, сонда Әкенің ұлылығы Өзінің рухани Ұлы арқылы көрінеді. Менің еркіме мойынсұнып бір нәрсе сұрасаңдар, Мен соны орындаймын.
Жохан 14:13–14
Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін, Ол — шындықты білдіретін Киелі Рух. Осы күнәкар дүние Киелі Рухты қабылдай алмайды, себебі Оны көрмейді әрі білмейді. Ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Киелі Рух сендермен бірге тұрып, жан дүниелеріңнен орын алады.
Жохан 14:16–17
Бәріміз біртұтас рухани денеміз, Құдайдың Рухы да Біреу, сол сияқты Құдай сендерді шақырғанда бірдей үміт берді. Иеміз бір, бір сенімдеміз, шомылдыру рәсіміміз де бірдей. Барлығымыздың бір Құдай Әкеміз бар, Ол бәрімізден үстем және бәріміз арқылы әрекет етіп, бәріміздің жүрегімізден орын алды.
Ефестікт. хат 4:4–6
Иса оларға былай деді: — Сендер Құдайға сиынғанда мына іспетті мінажат етіңдер: Көктегі Әкеміз! Сенің киелі есімің қастерлене берсін, Патшалығың осында орнасын! (Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!)
Лұқа 11:2
Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты.
Еврейлерге 10:19–20
Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық. (Мәсіхтің төгілген қаны) жүректерімізге «бүркіліп», ар-ұжданымыз күнә атаулыдан арылған әрі денеміз таза сумен жуылған болсын.
Еврейлерге 10:22
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2021 ж. 12 қар.
Қорынттықт. 2-хат 7:10
2021 ж. 11 қар.
Забур жырлары 78:53
2021 ж. 10 қар.
Қолостықт. хат 1:10
2021 ж. 9 қар.
Забур жырлары 89:19
2021 ж. 8 қар.
Салониқал. 1-хат 5:8
2021 ж. 7 қар.
Забур жырлары 107:8
2021 ж. 6 қар.
Қолостықт. хат 3:4
Жаңа табиғат
Құтқарылу туралы төрт маңызды шындықты зерттеңіз: кешірім, жаңа табиғат, Киелі Рух және Құдаймен қауымдастық.

Құтқарылу
Егер сен Құдайдың рақымымен Иеміз Иса Мәсіхке деген сенім арқылы құтқарылған болсаң, айтатын оқиғаң болуы…
Қайта туылған
Мэридің қастерлі Киелі кітабы ұрланады, бірақ оның саяхаты ұрыны, сарбазды және капитаны діндарларға…
Қорқыныш
Күнә қорқыныш пен Құдайдан алыстауды тудырады. Інжіл жүректерді жаулап, ар-ожданды тазартып, жағдайды…
Дін қызметі
Бұл мақалада сенушілердің қалай діни қызметкерлер екендігі, мадақ, игі істер және өз денелері арқылы…
Универсализм
Барлығы құтқарылады деген сенім – жалған ілім. Киелі кітап тозақты шексіз азап және Құдайдан мәңгілікке…

Құтқарылу
Егер сен Құдайдың рақымымен Иеміз Иса Мәсіхке деген сенім арқылы құтқарылған болсаң, айтатын оқиғаң болуы…

Қайта туылған
Мэридің қастерлі Киелі кітабы ұрланады, бірақ оның саяхаты ұрыны, сарбазды және капитаны діндарларға…

Қорқыныш
Күнә қорқыныш пен Құдайдан алыстауды тудырады. Інжіл жүректерді жаулап, ар-ожданды тазартып, жағдайды…

Дін қызметі
Бұл мақалада сенушілердің қалай діни қызметкерлер екендігі, мадақ, игі істер және өз денелері арқылы…