Тиятирдағы қауымның періштесіне былай деп жаз: Бұл — Құдайдың рухани Ұлынан хабар. Оның көздері оттай жалындап, аяқтары балқыған қоладай жалтырайды.
Аян 2:18
Күнтізбе

Тиятирдағы қауымның періштесіне былай деп жаз: Бұл — Құдайдың рухани Ұлынан хабар. Оның көздері оттай жалындап, аяқтары балқыған қоладай жалтырайды.
Аян 2:18
Адамның жүрегі бәрінен бетер алдамшы әрі жазылмайтындай бүлінген. Оны танып біле алатын кім бар? Мен, Жаратқан Ие, адамның жүрегіндегісін зерттеймін, оның жан дүниесін анық тексеремін. Содан әркімге жасаған қылығына, істеген істеріне қарай есесін қайтарамын.
Еремия 17:9–10
Тек болып жатқанды көріп тұрасың, Зұлымдардың жазаланғанын ұғасың.
Забур жырлары 90:8
Сонда Иеміз бұрылып, Петірге қарады. Петірдің есіне Иеміздің «Осы түні-ақ әтеш шақырғанша, сен Менен үш рет танасың» деген сөзі түсті. Содан Петір сыртқа шығып, қатты жылады.
Лұқа 22:61–62
Алайда бәрінің ойы мен ниеті құбылмалы екенін біліп, Иса оларға сене қоймады. Ол адам баласының көңіліндегісін толық білгендіктен, біреудің Өзіне ол туралы мәлімет беруін қажет етпеді.
Жохан 2:24–25
Топырақтан мал азығына шөп өсіресің, Адамға ас болуға дақылдар еккізесің,
Забур жырлары 103:14
Ол майысқан таяқты сындырмайды, Бықсыған білтені де сөндірмейді, Шынында әділдікті орындайды.
Ишая 42:3
14-Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын.
Жохан 10:14
Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді. Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды.
Жохан 10:27–28
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2022 ж. 24 мам.
Ефестікт. хат 4:30
2022 ж. 23 мам.
Мысырдан шығу 28:12
2022 ж. 22 мам.
Жохан 14:27
2022 ж. 21 мам.
Ефестікт. хат 6:10
2022 ж. 20 мам.
Тимотейге 1 4:16
2022 ж. 19 мам.
Забур жырлары 51:2
2022 ж. 18 мам.
Жохан 5:26

Құдайдың Құдіреті
Құдай Оны сеніммен және үмітпен күткендер үшін белсенді жұмыс істейді. Киелі кітаптағы мысалдардан үйреніңіз…
Құдайдың жетелеуі
Құдайдың өмірдегі қиындықтар арқылы, тіпті ең еңсерілмейтін қиындықтар арқылы қалай жол ашатынын біліңіз…
Көкке көтерілу
Имандылардың алып кету кезінде күтіп тұрған үмітін, бостандығын және мәңгілік қуанышын ашыңыз. Бұл күту…
Тәубе
Патша Саулдың жалған өкінуі шынайы Құдайлық қайғымен салыстырылады. Киелі кітаптағы мысалдар арқылы жай ғана…
Пасха
Иса Мәсіхтің денелік қайта тірілуі христиан дінінің негізі болып табылады. Онсыз барлық христиандық уағыз…

Құдайдың Құдіреті
Құдай Оны сеніммен және үмітпен күткендер үшін белсенді жұмыс істейді. Киелі кітаптағы мысалдардан үйреніңіз…

Құдайдың жетелеуі
Құдайдың өмірдегі қиындықтар арқылы, тіпті ең еңсерілмейтін қиындықтар арқылы қалай жол ашатынын біліңіз…

Көкке көтерілу
Имандылардың алып кету кезінде күтіп тұрған үмітін, бостандығын және мәңгілік қуанышын ашыңыз. Бұл күту…

Тәубе
Патша Саулдың жалған өкінуі шынайы Құдайлық қайғымен салыстырылады. Киелі кітаптағы мысалдар арқылы жай ғана…
Мәсіхшілік өмір
Құдайға бағыну, Мәсіхке сену және күнәларды мойындау тұрақты тыныштыққа, күшке және қуанышқа толы өмірге…