Саф алтыннан кішкене тақташа жасатып, бетіне «Жаратқан Иеге бағышталған» деп мөр жасайтын зергер мәнерімен ойып жаздырт.
Мысырдан шығу 28:36
Күнтізбе

Саф алтыннан кішкене тақташа жасатып, бетіне «Жаратқан Иеге бағышталған» деп мөр жасайтын зергер мәнерімен ойып жаздырт.
Мысырдан шығу 28:36
Барлық адамдармен тату болып, Құдайға бағышталған қасиетті өмір сүруге ұмтылыңдар! Мұнсыз ешкім Жаратқан Иені көре алмайды.
Еврейлерге 12:14
Құдайдың Өзі — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенеліп, шындықпен сиынуға тиіс. —
Жохан 4:24
Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті! Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді.
Ишая 64:6
Сонда Мұса Һаронға: — Жаратқан Иенің «Маған жақындап келетіндер арқылы Өзімнің киелі екенімді көрсетемін, барлық халықтар алдында салтанатты ұлылыққа кенелемін» дегені осы туралы болатын, — деп түсіндірді. Содан Һарон үндемеген күйі қала берді.
Леуіліктер 10:3
Ал енді, ғибадатханаға қатысты тағылым мынау: Сион тауының басындағы ғибадатханаға жапсарлас жатқан жердің бәрі Өзіме ерекше бағышталған, ең қасиетті болып саналады. Ғибадатхана жайлы заң, міне, осындай.
Езекиел 43:12
Уа, Жаратқан Ием, аяққа таптап халқыңды, Олар қанайды таңдаған меншігіңді:
Забур жырлары 93:5
Сенің шындығың арқылы олардың да Өзіңе бағышталулары үшін Мен Өзімді оларға бола Саған бағыштаймын.
Жохан 17:19
Сонымен сенімімізді берік ұстанып, оны тапжылмастан мойындайық. Көкке көтеріліп кеткен зор мәртебелі Бас діни қызметкеріміз — Құдайдың рухани Ұлы Иса бар.
Еврейлерге 4:14
Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз.
Еврейлерге 4:16
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2022 ж. 25 там.
Ишая 51:1
2022 ж. 24 там.
Мысырдан шығу 3:7
2022 ж. 23 там.
Еремия 31:3
2022 ж. 22 там.
Римдіктерге 14:7–8
2022 ж. 21 там.
Забур жырлары 119:57
2022 ж. 20 там.
Руларды санау 23:19
2022 ж. 19 там.
Петір 1 1:15

Жүсіп
Мысырда Жүсіптің билікке келуі Мәсіхтің әмбебап Иемденушілігін алдын ала көрсетеді. Неліктен әркім әлемнің…
Христология
Құдайдың оң жағындағы даңқтағы Мәсіхке назар аудару сіздің сенім жолыңызда қалай күш пен батылдық беретінін…
Күнәдан арылу
Заңшылдық қақпанына емес, Құдайдың рақымына сүйеніп, күнәні қалай жеңуге болатынын біліңіз. Құдайдың…
Дін қызметі
Бұл мақалада сенушілердің қалай діни қызметкерлер екендігі, мадақ, игі істер және өз денелері арқылы…
Дұға
Дұға етудің зор артықшылығын және дұға өміріңізді қалай нығайтуға болатынын біліңіз. Құдаймен байланысыңызды…
Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Пайғамбар, Шопан, Бас діни қызметкер, Патша, Құдай және Құтқарушы ретіндегі көп қырлы ұлылығын…