Мен бүгін сендерге қарсы көк пен жерді айғақ болуға шақырып отырмын: таңдап алуларың үшін өмір не өлім, жарылқау не қарғыс әкелетін жолдарды алдарыңа жайып салдым. Ендеше өмірді таңдап алсаңдар ғой! Осылай өздерің де, ұрпақтарың да аман-есен өмір сүріп,
Заңды қайталау 30:19
Өйткені Мен ешкімнің де өлімін қаламаймын. Сондықтан өкініп, теріс жолдарыңнан қайтып, өмір сүре беріңдер! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыларды нық айтамын.
Езекиел 18:32
Мен дүниеге келіп, оларға сөйлемесем, онда олар айыпты болмас еді. Ал енді кінәларына еш сылтау жоқ.
Жохан 15:22
Қожайынының еркін біле тұра дайын болмаған, оның қалауы бойынша істемеген қызметші қатты соққы жейтін болады.
Лұқа 12:47
Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір.
Римдіктерге 6:23
Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шынайы өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды.
Жохан 3:36
Сендер білесіңдер ғой: егер біреуге бағынып, оның еркін орындасаңдар, онда сол қожайындарыңның құлы боласыңдар. Сол сияқты, сендер не мәңгілік өлімге апаратын күнәға құл боласыңдар, не Құдайға мойынсұнып, әділдікке қызмет етесіңдер.
Римдіктерге 6:16
Кім Маған қызмет еткісі келсе, сол Маған ерсін. Мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады. Ал Маған қызмет етіп жүрген әркімді Әкем құрметтейді.
Жохан 12:26